Ол жоқ малды "баққаны" үшін мал иелерінен 1 365 000 теңге көлемінде төлем алған.
Алматы облысында өзіне сеніп тапсырылған 64 қой және 12 жылқыны ысырап етіп, оған қоса жоқ малды "баққаны" үшін мал иелерінен тағы төлем алып отырған, деп хабарлады Polisia.kz.
Ескелді ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан Текелі қаласының 33 жастағы тұрғыны сеніп тапсырылған 64 қой және 12 жылқыны ысырап еткені туралы хабарлама түскен.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ескелді ауданының полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны полицияға жеткізді. Аталған азамат өзінің кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, тергеу барысында күдіктінің аудан тұрғындарының сеніміне кіріп, жоқ малды сатып, 1 365 000 теңге көлемінде залал келтіргені белгілі болды", – деді Ескелді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұржан Сейсембеков.
Оқи отырыңыз: Көршісінің 16 қойын ұрлаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды
Зардап шеккендердің үшеуі де бірнеше жыл бойы ай сайын күдіктіге мал жайғаны үшін төлем жасаған. Олар күдіктінің құрбаны болғанын білгеннен кейін іздеу салған, еш нәтиже болмай, полицияға бірге арызданған.
"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189 және 190-баптары бойынша екі қылмыстық іс, яғни сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету және алаяқтық бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Нұржан Сейсембеков.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
334
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
312
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
300
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
288
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
307
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
287
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
263
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
248
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
240
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
237
-
0
-
5
-