Келтірілген жалпы шығын көлемі – 1 миллион теңге.
Түркістан облысының тұрғыны көршісінің 16 бас қойын жымқырған, деп хабарлады Polisia.kz. Сауран ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі қорасынан 16 бас қойын белгісіз біреу жымқырғаны туралы арыз түсірген. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 1 млн теңге.
Хабар түсісімен полицейлер мал ұрлығын жасаған күдіктіні анықтау мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары қажетті шаралардың барлығын жасап, жәбірленушінің ауласын мұқият тексерді. Сонымен қатар, үй жануарларын тасымалдайтын көліктермен қоса, жақын маңдағы мал базарларды да түгел тексерді. Нәтижесінде, қойларды сатып алған азаматты анықтап, істің ақ-қарасын ажырату мақсатында одан жауап алды.
Оқи отырыңыз: Мал ұрлығын қайтсек тыямыз?
Осылайша, күдіктінің жеке басын анықтаған полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Аз ғана уақыттың ішінде күдікті ер адамның тұрғылықты мекенжайын анықтады. Содан соң бірден жинақталған ақпарат көздеріне сүйенген саурандық сақшылар күдіктіні үйінен ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (мал ұрлығы) бойынша тіркеді.
"Күдікті ер адам жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол түнгі уақытта тұрғындардың қалың ұйқыға кеткенін бақылап, 16 бас қойды жасырын түрде сыртқа алып шыққан. Содан соң таң бозарып атысымен мал базарға үй жануарларын тасымалдайтын автокөлік жүргізушісіне өзінің қойлары екеніне айтып, сендірген. Осылайша, өзінің арам ойын оңай іске асырамын деген күдіктіні полиция қызметкерлері тәулікке жеткізбестен ұстады" делінген Polisia.kz хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Айыппұл артып, жаза күшейсе де, Қазақстанда мал ұрлығы неге тыйылмай тұр?
- Қызылорда облысында 3 жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ ұсталды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-