Тікелей эфир

Көлік жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Көліктерге жолақпен жұмыс күндері 07.30 – 9.30 және 17.00 – 20.00 аралығында жүруге ғана тыйым салынбақ.

Ішкі істер министрлігінің  Әкімшілік полиция комитеті жол жүрісі қағидалары туралы (толық атауы: "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы") Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Жоба Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.

Қаулының "Маршруттық көлік құралдарының басымдығы" деген бөлімінің 2-тармағының бірінші абзацын келесіше өзгерту ұсынылған:

"2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда 07.30-дан 9.30 сағатқа дейін, 17.00-ден 20.00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады, делінген қаулы жобасында".


Оқи отырыңыз: "Сергек" камераларына түспеудің амалдары (видео)


 

Серіктестер жаңалықтары