USD: 480.5 / 484.5
  • EUR: 558.0 / 563.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматы базарларында сатылған арзан темекіден қауіпті хлор мөлшері табылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сарапшылар заңсыз темекі өнімдеріне алаңдаушылық білдірді.

Алматы базарларында сатылатын арзан темекілердің құрамынан хлор мөлшерінің шамадан тыс жоғары екені анықталды. Сонымен қатар, кей өнімдердегі никотин деңгейі де рұқсат етілген шекті мөлшерден асып кеткен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде контрабандалық жолмен келген шылым өнімдерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстандағы темекі нарығының шамамен 9-10 пайызын заңсыз өнімдер құрайды. Бұл – сатылымдағы әр оныншы қорап көлеңкелі айналымнан шыққан болуы мүмкін деген сөз.

Мұндай темекілердің бағасы дүкендерде сатылатын ресми өнімдерге қарағанда әлдеқайда арзан. Алайда олардың қайда және қандай жағдайда өндірілгені белгісіз.

Мамандардың айтуынша, хлор мөлшерінің жоғары болуы темекі жанған кезде бөлінетін улы заттардың әсерін күшейтеді. Ал сапасыз сүзгілер тыныс алу жүйесіне түсетін зиянды арттыруы мүмкін. Кей деректер бойынша, заңсыз темекі өнімдері Қазақстанға негізінен Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Қырғызстан арқылы жеткізіледі.

"Денсаулық" ұлттық қауымдастығы кеңесінің мүшесі Ержігіт Рыссымбетов контрабандалық темекінің өндірістік құны шамамен 120 теңге екенін айтты.

"Нарықта мұндай өнімдер 450-500 теңгеге сатылады. Бағаның төмен болуы көбіне сападан үнемдеумен байланысты. Бұл тұтынушы денсаулығына үлкен қауіп төндіреді", – деді маман.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз