Тікелей эфир

Алматы әкімдігі Royal Time кешенінен тұрғын үй сатып алмауға шақырды

Әкімдік мәліметінше, жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын кезекті заңсыз тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан сақтандырды. 

Интернет ресурстар мониторингінің нәтижесі бойынша, қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын анықтады.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа ТҮК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналаспақ, ол премиум санатқа жатады. 


Оқи отырыңыз: Үлескерлік құрылыс арқылы үй алғанда нені ескеру керек? Алаяқтарға алданбау жолын түсіндіреміз


"Бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ. Естеріңізге сала кетейік, егер сіз жылжымайтын мүлікті заңсыз нысаннан сатып алсаңыз, құрылыс салушы тарапынан қаражатты ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжаттарының бар-жоғына көз жеткізуді ұсынамыз", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары