Тікелей эфир

Алматы әуежайы жауған қарға байланысты келушілер үшін жабылды

Ауа райы жақсармайынша, Алматыдан келетін рейстер тоқтатылды.

Алматы халықаралық әуежайы рейстерді уақытша қабылдамайды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

"Қиын ауа райы жағдайына байланысты көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу уақытша мүмкін емес. Ауа райы жақсармайынша, Алматыдан әуе рейстері тоқтатылады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы келуге жабылды", – деп жазылған хабарламада.

Ауа-райы жақсарған кезде әуежай жұмысын жалғастырады.


Оқи отырыңыз: Назарбаев әуежайындағы автотұрақ құны екі есеге артты


 

Серіктестер жаңалықтары