Басқарма төрағасының міндетін Құрманғазы Есқазиев атқарады.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Алик Айдарбаевтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Құрманғазы Есқазиев еңбек жолын 1985 жылы "Эмбанефть" өндірістік бірлестігінде оператор-коллектор болып бастады. Онда операторлықтан бастап "Ембімұнайгаз" АҚ бас директорына дейінгі өндірістік қызметтің барлық сатысынан өтті.
2006 - 2008 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, директоры болды.
2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөніндегі басқарушы директор, геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.
2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылға дейін – "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы).
2018-2020 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
2020 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы).
2022 жылдың ақпанынан "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-