Әлемде 6 миллионға жуық босқын бала мектепке бармайды – БҰҰ

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл – босқын балалардың бәрінің тең жартысына жуық.

2025 жылы әлем бойынша 6 миллионға жуық босқын бала мектепке бара алмаған. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы білім беруді қаржыландырудың қысқаруы миллиондаған баланы оқудан айырып, осы саладағы жылдар бойы қалыптасқан жетістіктерге кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

БҰҰ БЖКБ-ның "Болашаққа жол: білім, мүмкіндік және өзін-өзі қамтамасыз ету" атты жыл сайынғы есебіне сәйкес, өткен жылы мектеп жасындағы 13,1 миллион босқын баланың 5,8 миллионы, яғни 44 пайызы білім беру ұйымдарына бармаған. Босқын балалар үшін бастауыш білімнен орта білімге өту әлі де негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

2025 жылы босқындардың бастауыш мектеп жасындағы балаларының 65 пайызы бастауыш білім алған. Ал орта мектепке барғандардың үлесі небәрі 32 пайызды құрады.

Қыздардың жағдайы бұдан да күрделі. Бастауыш мектепте қыздар мен ұлдардың білім алуы шамамен бірдей болғанымен, орта білім деңгейіне келгенде айырмашылық айтарлықтай ұлғаяды. Кедейлік, қауіпсіздік мәселелері, ерте неке және басқа да факторлар жасөспірім қыздардың мектептен кетуіне себеп болып отыр.

Жоғары білім беру саласында жағдай біршама жақсарған. 2025 жылы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан босқындардың үлесі 11 пайызға жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9 пайыз болған. Өткен жылы алғаш рет 450 мыңнан астам босқын жоғары білім алуға мүмкіндік алған. Бұл – БҰҰ БЖКБ деректерді тіркей бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Жоғары білім әсіресе босқын әйелдер мен қыздар үшін маңызды. Ол жаңа дағдылар мен кәсіби біліктілік алуға, жұмысқа орналасуға және экономикалық тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда жоғары білімге қолжетімділік әлі де біркелкі емес. Дерек ұсынған елдердің 80 пайыздан астамында жоғары оқу орындарында білім алып жатқан босқындардың үлесі жалпы ұлттық көрсеткіштен төмен.

Табысы төмен және қақтығыстардан зардап шеккен елдерде босқындардың небәрі 2 пайызы ғана жоғары оқу орындарында оқиды. Осыған байланысты БҰҰ БЖКБ халықаралық қауымдастық пен даму саласындағы серіктестерді білім беруді қаржыландыруды қорғауға және босқындарды қабылдап отырған елдердің ұлттық білім беру жүйелеріне инвестиция салуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау