"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, қазан айының соңғы күні мен қарашаның алғашқы екі күнінде Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында салыстырмалы түрде жылы болады.
Батыста күндіз ауа температурасы 12-20 градусқа дейін, ал солтүстікте және орталықта 5-10 градус аралығында жылы болады.
"Республиканың шығысында және оңтүстігінде күн суытады: түнде 0-5 градус аралығында салқын болса, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 градусқа дейін суытады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын түгел пайдалану және ХҚКО-да неке қию. Шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді?
Батыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін, ал басқа аймақтардың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.