USD: 465.1 / 468.1
  • EUR: 532.0 / 537.0
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Ақтау қаласында 2025 жылға дейін 918 шақырым инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Ақтау қаласында 2025 жылға дейін 918 шақырым инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
 Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. 

Ақтау қаласы құрылғалы бері ауыз су, кәріз және жылу желілеріне жаңарту жұмыстары жүргізілмеген. Аталған желілердің 75%-ға тозығы жеткендіктен, жылына орташа есеппен 1500 апаттық жағдай орын алады, деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Аймақ басшысының айтуынша кезек күттірмейтін мәселені шешу мақсатында 2025 жылға дейін 24 шағынауданында  918 шақырым инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 

Қаладағы инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 1232 шақырым. Оның ішінде су желілері – 437,8 шақырым, кәріз – 329,6 шақырым, жылу – 464,4 шақырымды құрайды. 

Биыл 2 шағын ауданның, яғни, 3а-3б шағынаудандарының жылу желілеріне жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар бүгінгі күні 1-6 шағынаудандардағы су және кәріз желілерін жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Инженерлік желілер жаңартылғаннан кейін,  қалада ауыз су мен жылу беру мәселелері оңтайланатынын айтады облыс басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау