Министр "Жайлы мектеп" жобасын қаржыландыру көзі туралы айтты.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет кулуарында Қазақстанда мектептер санын арттырудың негізгі мақсаты туралы айтып берді. Қазіргі таңда үш ауысымды мектептерді жою міндеті тұр. Бірақ, министрдің айтуынша, түпкі мақсат – бір ауысымды мектеп жүйесіне өту.
"Мемлекет басшысының Алматыға сапары кезінде айтқанындай, бір ауысымды мектептерге бірте-бірте көшеміз. Сондықтан біз тек үш ауысымды мектептерді жойып, екі ауысымда оқып қана қоймай, бірте-бірте бір ауысымға өтсек, керемет болады. Өйткені, бала бір ауысымда оқыса, білім беру сапасына өте жақсы әсер ететіні сөзсіз", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: "Жайлы мектеп" үшін қосымша грант бөліп, мұғалім даярлау қажет емес
Асхат Аймағамбетов бұл мақсатқа жетуде "Жайлы мектеп" жобасы үлкен рөл атқаратынын айта келе, жобаның қаржыландыру көзі туралы сұраққа да жауап берді.
"Жайлы мектеп" жобасына 2,6 трлн теңге толығымен республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Бұның алдында біз қаржының бір бөлігін республикалық бюджеттен, бір бөлігін жергілікті әкімдіктерден алу керек екенін айтқанбыз. Енді қазіргі уақытта бұл мәселені толығымен шешіп тастау үшін респбуликалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Оған қоса мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша (президент жемқорлардан қайтарылған қаражатты толығымен мектеп құрылысына жұмсау туралы тапсырма берген болатын – ред.) арнайы қор құрылады. Қазір оның ережелері қаралып жатыр. Келесі жылдан бастап іске асырамыз деген жоспар бар", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-