Тікелей эфир

Абылай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот президентке оны "Құрмет" және 3-дәрежелі "Барыс" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін бұрынғы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралып, үкім шықты. 

Абылай Мырзахметов

Сот үкімімен Абылай Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот ҚР президентіне Абылай Мырзахметовті "Құрмет" және 3-дәрежелі "Барыс" ордені мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Абылай Мырзахметов 2022 жылғы мамыр айынан қазанға дейін Талғат Боранбаевқа ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасы Талғат Боранбаевты қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айта отырып, жаңылыстырып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы, алаяқтық жасау жолымен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отрып, Талғат Боранбаевтың аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңге сомасында ақшалай қаражатын жымқырған.

Серіктестер жаңалықтары