Фильм 2019 жылы Дакка қаласындағы 17-ші халықаралық фестивальде алғаш рет көрсетілді.
Алматыда Әбіш Кекілбаевтің повесі бойынша түсірілген "Шыңырау" фильмінің тұсаукесері өтті. Кинотуындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы – Жаңабек Жетіруов. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген.
Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" повесінің желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.
"Осыдан тура он жыл бұрын, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласында Жаңабек ағамыз түсірген, заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтің шығармашылық жолына арналған деректі фильмнің тұсаукесерін өткізіп едік. Енді міне, Әбіш ағамыздың повесі желісімен түсірілген тамаша көркем фильмнің тұсаукесеріне жиналып отырмыз. Әрине, пандемия болмаса, бұл фильм талай фестивальдерде жүлделі орындардан көрінетін еді. Соған қарамастан, "Шыңырау" фильмі ондаған халықаралық беделді кинофестивальге қатысып, көрермен мен киносыншылардың ықыласына бөленді", – деді "Қазақфильмнің" вице-президенті Айдархан Әділбаев.
Фильмнің тұсаукесері 2019 жылы наурыз айына жоспарланған, алайда пандемияға байланысты басқа уақытқа ауыстыруға тура келген.
"Шыңырау" қатысуға тиіс кейбір фестивальдер де өткізілмеді. Бүгінгі тұсаукесерді ұйымдастыруға қол ұшын созған, "Қазақфильмге" және қазақ өнері мен мәдениетінің меценаты Жауғашты Нәбиевке алғысымды білдіремін", – деді фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов.
Бұл повесть 1982 жылы жазылған. Көптеген режиссер түсіреміз деп үміттенгенімен Жаңабек Жетіруов қолға алған. Әбіш Кекілбаевтің немересі Абыл Кекілбаевтің сөзінше, режиссер жазушымен бірнеше рет кездесіп, сценаридің алғашқы нұсқасын мақұлдатқан. Өкінішке қарай, Әбіш Кекілбаев фильмді түсіру жұмысы басталғанын көрмей кеткен.
Фильм Маңғыстау облысында түсірілген. Картинада Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Фильмдегі басты рөлдерді Алдабек Шалбаев, Асылхан Төлепов және Айжан Жетіру сомдады.
Кинотуындының алғашқы көрсетілімі Дакка қаласында өткен 17-ші халықаралық фестиваль шеңберінде өткен. Фестивальде отандық туынды "Үздік операторлық жұмыс" (операторы Рифхат Ибрагимов) жүлдесін жеңді. "Шыңырау" фильмі 37-ші Халықаралық Фаджр, 28-ші Бүкілқытайлық "Алтын әтеш және жүз гүл", Asian International Film Festival Arizona, Kaaryat International Film Festival of India, 24-ші Халықаралық Керала және 13-ші халықаралық Sofia MENAR Film Festival сынды кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына қатысты.
Одан бөлек, бұл фильм 2019 жылы заңғар жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына орай Мәскеудегі Қазақстандық кино күндері аясында көрсетілді. Биыл Ресейде өткен XXVII Халықаралық "Әдебиет және кино" атты кинофестивальдің негізгі байқауына қатысып, көрермен ықыласына бөленді.
Түсірілім тобы
- Сценарий авторы мен қоюшы режиссері: Жаңабек Жетіруов;
- Қоюшы оператор: Рифхат Ибрагимов;
- Қоюшы суретші: Мұрат Кәріпов;
- Композиторы: Арман Жайым;
- Дыбыс режиссері: Андрей Влазнев;
- Атқарушый продюсері: Ертай Рахманбердиев;
- Рөлдерде: Алдабек Шалбаев, Асылхан Төлепов және Айжан Жетіру.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
330
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
312
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
303
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
289
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
260
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
259
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
237
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
240
-
3
-
6
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
213
-
0
-
2
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
159
-
0
-
1
-