Тікелей эфир

Абай облысында теолог, дефектолог мамандықтарына қосымша 10 грант бөлінді. Тізімді қайдан көруге болады?

Абай облысы әкімдігінің қаулысымен 2023-2027 оқу жылына арналған әкім гранты иегерлерінің тізімі бекітілді.

Өтініштер 2023 жылдың 5-18 тамызы аралығында қабылданды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің Telegram арнасында жазылды.

Білім гранты педагогикалық, экономикалық, техникалық, құрылыс, медициналық, ауылшаруашылық және IT мамандықтарына бөлінсе, теолог, дефектолог мамандықтарына қосымша 10 грант бөлінді.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін abay-abiturient.kz сайтынан көруге болады.


Оқи отырыңыз: 10 тамызда "Қазақстан халқына" қорының білім гранттарына өтініш қабылдау басталады. Оны алу үшін не істеу керек?


 

Серіктестер жаңалықтары