Абай облысында қос азаматтықпен жүрген ер адам елден шығарылды

Фото: Polisia,kz
Фото: Polisia,kz
Ол Ресей азаматтығын былтыр қараша айында алған.

Абай ауданының тұрғыны қос азаматтығы болғаны үшін Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, көші-қон қызметінің мамандары 2024 жылғы қараша айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған Бесқарағай ауданының 23 жастағы тұрғыны бұл шешімін хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айырылғанын ресімдемегенін анықтады.

"Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан шығарылды. Одан Қазақстан азаматының төлқұжаты тәркіленіп, азаматтығынан ресми түрде айырылды", – деді Абай аудандық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Бауыржан Иманғажанов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз