USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 553.5 / 558.5
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Абай облысында 10 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Прокуратура араласуымен 263 млн теңгенің жері мемлекет меншігіне өтті.

Абай облысы прокуратурасының араласуымен 10 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңасемей ауданының прокуратурасы жер ресурстарын басқару саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықтады.

"Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелері азаматтарға және заңды тұлғаларға жалға берiлуi мүмкін. Алайда, жалпы ауданы 10 мың гектардан асатын, құны 263 миллион теңгеден жоғары болатын 13 жер учаскесі бойынша жалдау шарттарының мерзімі 2024 жылы аяқталғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Соған қарамастан, уәкілетті орган осы учаскелерді алып қою және оларды мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдамаған. Бұл әрекет қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жатады.

"Аудан прокуратурасының тексерісінен кейін ғана көрсетілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз