Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдан бастап қалада жекелеген азаматтарға жаңа әлеуметтік көмек енгізілді.
2024 жылы қазанның екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектер күніне орай әлеуметтік көмек қолданысқа енгізілді. 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға 20 АЕК немесе 73 840 теңге, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және барлық топтағы он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 10 АЕК немесе 36 920 теңге, 3 топқа – 5 АЕК немесе 18 640 теңге төленеді.
Бұдан басқа, атаулы күндер мен мереке күндерінде азаматтардың мынадай санаттарына 2,5 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
- 4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтар мен қатерлі ісіктері бар балалар;
- 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) - көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға;
- 21-23 наурыз (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар қатарындағы зейнеткерлік жастағы адамдарға;
- 31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) - Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдарға;
- 1 маусым (Балаларды қорғау күні) - жетім балаларға;
- 29 тамыз (Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, зейнеткерлер мен біржолғы өтемақы алушыларға;
- 1 қазан (Қарттар күні) – жасы бойынша зейнеткерлерге және зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарындағы зейнеткерлік жастағы адамдарға;
- 1 желтоқсан (Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні) - адамның иммун тапшылығы вирусынан, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылардан зардап шегетін адамдар қатарынан әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға.
Бұдан басқа, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) 60 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
45 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
- 15 ақпан (Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күні) - "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2, 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге; Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бекітілген әскерилерге;
- 26 сәуір (Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні) - жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан адамдар қатарындағы басқа адамдарға.
Оқи отырыңыз: Оқу ақысын төлейтін әлеуметтік көмек: Астанада кімдер үміткер бола алады?
9 мамыр Жеңіс күніне әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне-1 (бір) миллион теңгеден кем емес;
- жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген адамдардан басқа) -45 АЕК;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға ардагерлеріге (осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген адамдардан басқа) – 45 АЕК;
- басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 15 АЕК.
- Әлеуметтік көмек 25 қазанға (Республика күні) аз қамтылған азаматтарға 4,5 АЕК (АӘК алушылар қатарынан) мөлшерінде көрсетіледі.