USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 551.0 / 556.0
  • RUB: 6.15 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

52 млн теңге: Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы казино ұйымдастырған әйел 4 жылға сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ойыншылардан банк шоттарына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 52 млн теңгеден асқан.

Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сот мәліметіне сәйкес, ол әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казино ұйымдастырып, азаматтарды тікелей эфирде құмар ойындарға қатысуға шақырған.

"Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қаралды. Ойыншылардан банк шоттарына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 52 млн теңгеден асқан", – делінген хабарламада.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, оның әрекеті куәгерлердің айғақтары, банк мәліметтері және басқа да материалдармен толық дәлелденген.

Сот үкімі бойынша әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Дегенмен, оның кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, жазаны өтеу төрт жылға кейінге шегерілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз