Семейде TikTok арқылы терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды

Getty Images
Getty Images
Прокуратура мәліметінше, таралған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтаған.

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Бұл туралы Абай облысының прокуратурасы хабарлады.

Семей қаласының тұрғыны онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деген айыппен жауапқа тартылған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы сәуірге дейін TikTok әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттар арқылы, сонымен қатар азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан.

Прокуратура мәліметінше, таралған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтаған.

"Сот үкімімен айыпталушы қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру") бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Бас прокуратура Қазақстан Республикасында "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған тыйым салынғанын еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз