Тікелей эфир

4 пайыздық автокредит басталмай жатып, нарықта көлік бағасы күрт көтерілді

Автосалоннан сұранысқа ие бюджеттік көліктерді сатып алу үшін 1-2 ай күту қажет.

Утиль алымының жаңа мөлшерлемесі бекітіліп, 4 пайыздық автонесиелендіру басталмай жатып, көлік бағасы қымбаттаған. Оның өзінде сұранысқа ие бюджеттік көліктер салондарда жоқ. Оны алу үшін 1,5-2 ай күту керек, деп хабарлады Алматы автосалондарын аралаған 31 арна тілшілері.

"Автосалондарды аралап жүрген адамдар көңілімізден шығатын көлікті таппаймыз дейді. Амалы таусылған халық осындағы бар көлікті алуға мәжбүр. Оның үстіне қосымша терезені қараңғылайтын, дабыл құрылғысы сынды жабдықтарды менеджерлер алуға міндеттейді екен. Ал, оның құны шамамен 800 мың теңгеге дейін барады", – дейді арна тілшісі. 


Оқи отырыңыз:


Автокәсіпкерлік қауымдастығының қызметкері көлік дефициті барлық елде болып жатқанын айтады. Машина бағасы өзгермегенін айтқан маман көліктегі қосымша орнатылған құрылғыларды 

"Көлікке қосымша магнитола не тағы басқа электронды құрылғылар орнатылса және оны шешу оңай болса, алып тастауға болады", – деді Қазақстандық автокәсіпкерлік қауымдастығының техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов. 

Маманның сөзінше, мемлекеттік бағдарлама іске аспай тұрып-ақ, отандық көліктерге деген сұраныс төмендемепті. Жеңілдетілген несие іске қосылса, сұраныс одан сайын артатынына сенімді. Қазақстандық автопромдар нарықты қанағаттандыра алады деген ол, көліктің бөлшектері кедергісіз келіп отырса, құрастыру қиындық тудырмайтынын айтып отыр. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары