Тікелей эфир

36920 теңге айыппұл: Енді көлік жүргізушілеріне бағдаршамның сары түсіне жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жол жүру ережесіне осындай өзгеріс енгізілді.

Ереже әзірге Астана мен Алматы қаласының азаматтарына қатысты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мегаполисте темір тұлпарды тізгіндеген азаматтар бағдаршамның сары түсіне өтсе – 36 920 теңге айыппұл төлейтін болады. Бұған бағдаршамның сары түсі жанған кезде жол көлік апаттарының жиілуі себеп болған.

"Жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады. Ал, жыпылықтаған жасыл белгі тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заңбұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынатын болады", – деді Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлмира Шрахметова.

Екі қалаға енгізілген ереже Шымкентке сәуір айында жетуі мүмкін, бірақ бұған қала тұрғындары қарсы.


Оқи отырыңыз: "Ақылды" бағдаршамдар Алматыдағы көлік кептелісін азайта ма?


Еске салсақ, айыппұл құны 36920 теңгені құрайды. Егер жүргізуші бір жылдың ішінде бағдаршамның сары түсінде тағы да жүріп кетсе, онда сома үш есеге көбейіп, 110 760 теңге төлейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары