Тікелей эфир

31 арна сарбаз өмірі туралы "Қайсар" телехикаясын түсіріп бастады

Сериал тамыз айында эфирге шығады.

Алматыда "Қайсар" телехикаясының түсірілімі басталды. Авторлардың айтуынша, телетуынды әскери өмір мен оның қыр-сырын, сондай-ақ, жанрдың бірнеше түрін қамтиды. Әскери драманың мақсаты – Қазақстан армиясы әскери қызметкерлерінің беделін арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, деп хабарлады 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

"Махаббат та, драма да, мелодрама мен трагедия да бар. Сатқындық пен достық көрініс тауып, қызықты оқиғаларға куә боласыздар. Арасында комедия да тамашалайсыздар", – деді режиссер Азамат Ержанұлы.

Телехикаяның желісі бойынша, Қайсар Тәуелсіздік таңы атқанда қарулы күштер қатарына шақырылады. Сарбаз әскердегі әлімжеттік, сыбайлас жемқорлыққа тап болады.


Оқи отырыңыз: "Досының қолынан қаза тапты". Бейбіт күнде өлім неге көбейді?


"Әскери адамның рөлін бірінші рет сомдайын деп тұрмын. Әскери адамдардың өмірі өте қиын екен. Қазір бастан өткеріп, сезініп жатырмыз. Жарғылары мен тәртіптері, жұмыс режимдері үлкен кедергі, үйрену де қиын", – деді актер Жақсылық Тұрлығазы.

2022 жылдың тамыз айында көрерменге жол тартатын телехикая 20 бөлімнен құралған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары