"Менің сүйікті дәрігерім" акциясы аясында президент клиникасының дәрігерлері Орал қаласында науқастарды тегін емдейді, деп хабарлайды ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының маркетинг және жарнама бөлімі.
26-27 қазан күндері науқастарды кардиохирург Әлібек Тойбаев және аритмолог Шалқар Смағұлов Орал қаласындағы облыстық кардиологиялық орталықта қабылдайды. Науқастар өзімен бірге келесілерді ала келуі тиіс:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кардиохирургтің қабылдауы үшін: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі және барлық үзінді, тексеру, талдау және тағы басқа;
- аритмологтың қабылдауы үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы және барлық үзінді, тексеру, талдау және т. б.;
Қабылдау уақыты:
- 26 қазан: 10:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00);
- 27 қазан: 09:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00).
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін +7 (7112) 21 70 19, +7 (7112) 21 73 44 нөмірлеріне хабарласуға болады.
USD:
483.7 / 486.7
EUR:
554.5 / 559.5
RUB:
5.95 / 6.09
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…