Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, осы жылы ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 миллион теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды.
Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.
"Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді.