2026 жылы 3 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды. Қандастардың басым бөлігі қайдан келді?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қандастарға 7 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаты беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алғанын хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралған. Жыл басынан бері келген қандастардың 47,8%-ы Қытайдан, 43,6%-ы Өзбекстаннан, 2,7%-ы Түрікменстаннан, 2%-ы Ресейден, 2,2%-ы Моңғолиядан және 1,7%-ы басқа елдерден келген.

2025 жылғы деректерге сәйкес, қоныс аударғандардың 58,1%-ы еңбекке қабілетті жастағылар болса, 33,1%-ы балалар, ал 8,8%-ы зейнеткерлер. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 13,1%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білім алған, 51,9%-ы жалпы орта білімді, ал 7,9%-ының білімі жоқ.

"Қоныс аударушылар еліміздің түрлі өңірлеріне орналастырылған. Сонымен қатар еңбек күші тапшы аймақтар ретінде Ақмола облысы, Абай облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы белгіленген. 2026 жылға арналған қабылдау квотасы 2 281 адамды құрайды. Ал жыл басынан бері осы өңірлерге 569 қандас қоныстанған. Мемлекет тарапынан қандастарға бірқатар қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, көшуге бір реттік субсидия – отағасына және әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (шамамен 302,8 мың теңге), ал тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (64,9–129,8 мың теңге) төлем қарастырылған. Жыл басынан бері 139 қандасқа түрлі қолдау көрсетіліп, оның ішінде 108 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру мақсатында жаңа тетіктер енгізілген. Соның бірі – тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаты. Оның мөлшері 1 625 АЕК-ке дейін немесе бір отбасыға 7 млн теңгеге дейінгі қайтарымсыз қаржылай көмек ретінде беріледі.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз