Тікелей эфир

2025 жылдан бастап декларация ұсынбаған жеке тұлғаға қандай жаза қолданылады

2025 жылдан бастап елдің барлық ересек тұрғындары декларациялауға қатысады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 120 мыңнан астам астаналық салық есебін тапсырады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарында басталған.

Қазіргі уақытта елордада 120 681 адам декларация тапсыруға міндетті. Олардың ішінде 95 538-і (79,2%)  салық есебін қазірдің өзінде ұсынған, ал, 25 143 (20,8 %) адам тапсырмаған.

"Жалпыға бірдей декларациялаудың басты мақсаты – көлеңкелі экономиканы қысқартуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру", – деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Балтабеков.

Келесі жылдан бастап декларацияны тапсыру басшылар мен заңды тұлғалардың құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен жұбайлары үшін міндетті болады.

2025 жылдан бастап азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек тұрғындары декларациялауға қатысады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы 2025 жылы жарияланады


Салық кодексіне сәйкес, Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және 4 кезеңде өтуде. Бірінші кезеңде – есептілікті мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар тапсырды.

Декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" cabinet.salyk.kz арқылы электронды түрде беруге болады, "электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы 15 қыркүйекке дейін, ал, қағаз үлгісін 15 шілдеге дейін ұсыну қажет.

Айта кетейік, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабының 1-тармағына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау – алдын ала ескертуге әкеп соғады. Бұл ретте "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер-15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – деді елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жеке тұлғалар 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан кеңес ала алады.


Оқи отырыңыз: ЕGov порталында декларация тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды


Анықтама:

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация: ҚР тыс жерлеріндегі мүлікті көрсетуге арналған.

Атап айтқанда:

  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелері немесе үлестер;
  • әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз»жүзу кемелері;
  • көлік құралдары, арнайы техника, тіркемелер;
  • республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған барлық банктік салымдар бойынша 1000 АЕК-тен асатын сомадағы ҚР жерінен тыс шетел банктерінің шоттарындағы ақша;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де мүлік:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесі;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары Орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүзеге асырылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда;
  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • Айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
  • банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырылған) шарт немесе өзге құжат болған кезде жеке тұлғаның жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) Қазақстан Республикасының ҚР банктер және банк қызметі туралы заңнамасымен;
  • жеке тұлғаның қалауы бойынша бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде, осы мүліктің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, басқа мүлік көрсетілуі мүмкін Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес. Басқа мүлікке мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік жатпайды.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары