Тікелей эфир

Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы 2025 жылы жарияланады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл декларацияларды кез келген адам көре алатынына уәде берді.

Мемлекеттік қызметшілер өткен жылы жалпыға бірдей декларация аясында табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғанмен, әлі күнге дейін ашық түрде жарияланбаған. Журналистер кәсіпкерлердің декларацияларын Үкімет мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

"2025 жылға дейін ешкімге айыппұл салынбайтынын айттым. Бұл мемлекеттік қызметшілерге де қатысты. 2025 жылы, әрине, бәріжарияланады. Жеке мүлкін жария етпеген және салық төлемеген тәртіп бұзушыларға тиісті шара қолданылады. Бұл мемлекеттік қызметшілерге де, кәсіпкерлерге де қатысты болады. Бөліп-жармаймыз", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр жалпыға ортақ декларацияның соңғы кезеңі 2025 жылы аяқталатынын айтты.

"Декларацияны 2025 жылы толтырғанымыз дұрыс деп шештік, өйткені мемлекеттік қызметшілердің туыстары бар, кейбір мүлкі қате тіркелуі мүмкін. Осының барлығын 2025 жылы анықтаймыз. Кімнің атына қандай мүлік жазылғаны анықталады", – деді ол.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі?


Ерұлан Жамаубаев 2022 жылдың маусым айында кірісі туралы декларацияны жариялауға дайын екенін мәлімдеді, бірақ іс жүзінде жариялаған жоқ. Кейін ол өзінің деклерациясын күтіп отырғандардың ісі еріккеннің ермегі екенін айты. Үкімет кулуарында қаржы министрінен өз декларациясын жариялау туралы шешімді қашан қабылдайтыны туралы сұралды.

"Мен декларациямды кадр қызметкерлеріне бергенімді айттым, декларациямды солар жариялауы керек", – деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктестер жаңалықтары