Тікелей эфир

2024 жылы төтенше жағдайдан сақтану іс-қимылдарын игеру үшін республикада 17 мың оқу-жаттығу өтеді

Наурыздың соңына дейін Қазақстан бойынша жер сілкінісі кезінде сақтану оқу-жаттығулары өтеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Мадат Жағалбайлы жер сілкінісі кезінде сақтану үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарының қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Осы орайда наурыз айы бойы Қазақстан бойынша барлық жерде оқу-жаттығулар, флешмобтар, түрлі тақырыптағы конкурстар мен викториналар өтеді.

Ел бойынша 30 107 баланы қамтитын 2585 "Жас құтқарушы" үйірмесі жұмыс істеп тұр

Аға офицері Мадат Жағалбайлының айтуынша, биыл "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" акционерлік қоғамында (21 санат), Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында (3 санат), сондай-ақ өңірлердің төтенше жағдайлар департаменттерінде (18 санат) келесі тақырыптар бойынша оқыту жұмыстары өтті:

  • "Дене шынықтыру", "Бастапқы әскери дайындық" және "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәндері бойынша оқу орындарының оқытушылары – 317 тыңдаушы (2023 ж. – 2 115);
  • мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері – 248 тыңдаушы (2023 ж. – 986);
  • жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының сынып жетекшілері – 176 тыңдаушы (2023 ж. – 1 129) оқытылды.

Азаматтық қорғау саласында оқытылғандардың жалпы саны жыл басынан бері 2000-нан астам адамды құрады (2023 жылы – 17 мың адам). Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалардың бос уақытын мақсатты пайдалануы үшін жағдай жасау мақсатында ел бойынша білім беру ұйымдарының базасында 30 107 баланы қамтитын 2 585 "Жас құтқарушы" үйірмесі құрылып, жұмыс істеп жатыр. 

"Жас құтқарушы" үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша үлгілік іс-шаралар жоспары бекітілді, онда балаларды жүзуге үйрету, алғашқы көмек көрсету және өрт қауіпсіздігі шаралары, патриотизмге, батылдық пен дене шынықтыруға тәрбиелеу, өрт-құтқару имиджін позитивті наисхаттауды, сондай-ақ өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріндегі мектептер мен колледж оқушыларына арналған "Ашық есік күндері" бойынша негізгі іс-шаралар көзделген. Балалардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру, тұрақты практикалық дағдырларды жағдайларда өзін-өзі ұстай білу, өскелең ұрпақтың бойында "құтқарушы" мамандығына кәсіби бағдар қалыптастыру мақсатында ел мектептерінде 60 кадет және азаматтық қорғау сыныптары жұмыс істейді. Республикалық қосымша білім беру орталығымен жасалған меморандум шеңберінде мектеп парламенттерімен жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп "жас құтқарушы", "жас тау құтқарушысы", "жол іздеуші-құтқарушы" үйірмелері балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына енгізілді. Айта кету керек азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау бойынша белсенді жұмыс халықаралық азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында да жүргізілді. Жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі", – деді аға офицері Мадат Жағалбайлы.


Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісінің жиілеуі: Афтершоктар қуатты зілзалаға ұласуы мүмкін бе


Наурыздың соңына дейін Қазақстанның барлық қаласында оқу-жаттығулар өтеді

Бекітілген іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылдың наурыз айы бойы еліміз бойынша барлық жерде оқу-жаттығулар, БАҚ-та сөз сөйлеу, флешмобтар, түрлі тақырыптағы конкурстар мен викториналар өткізіледі. Төтенше жағдайлар департаменттерінің базасында авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын көрсете отырып, ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Құтқарушылардың оқу-жаттығулары / Фото: Informburo.kz

"Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың практикалық дағдыларын сіңіру жыл басынан бері республика бойынша саны 17 мыңнан асқан тақырыптар мен көлемі бойынша әртүрлі оқу-жаттығулар мен жаттығулар барысында пысықталды. Қосымша ағымдағы жылы республикалық жаттығу шеңберінде 15 сейсмикалық қауіпті өңірде 8135 объектіде, оның ішінде білім беру мекемелерінде және мемлекеттік органдарда 2 171 031 адамды қамти отырып, сейсмикалық жаттығулар өткізілді", – деп қосты комитет өкілі. 

Дәлірек:

  • 77 832 адамды қамтитын 733 көпқабатты тұрғын үй;
  • 1 906 384 адамды қамтитын 5542 білім беру объектісі;
  • 94 572 адамды қамтитын 340 денсаулық сақтау объектісі;
  • 7269 адамды қамтитын 281 әлеуметтік объект;
  • 24 548 адамды қамтитын 218 өнеркәсіптік объект;
  • 1610 адамды қамтитын 21 радиациялық қауіпті объект;
  • 4959 адамды қамтитын 
    42 химиялық қауіпті объект;
  • 2450 адамды қамтитын 31 биологиялық қауіпті объект; 
    51 407 адамды қамтитын 927 басқа объектеді жаттығулар өтті. 

Оқу-жаттығу және жаттығу барысында төтенше жағдайлар департаменттері келесі шараларды қолға алынған:

  1. Үгіт материалдарының 253 991 данасы шығарылды және таратылды;
  2. 417 бейнеролик әзірленді және орналастырылды;
  3. Азаматтық қорғау саласында еліміздің қалалары мен аудандарының билбордтарында 94 материал және ТЖ іс-қимылдары бойынша 4192 ақпараттық-анықтамалық стенд орналастырылды;
  4. 72 343 оқушыны қамтитын 661 интерактивті сабақ өткізілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді – Комиссия болжамы


Мадат Жағалбайлының айтуынша, халықаралық тәжірибені (Ресей, Беларусь, Оңтүстік Корея, Түркия және Жапония) ескере отырып төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар туралы ақпаратты жеткізу бойынша түсіндіру жұмысының бірыңғай форматын әзірлеу және халықты қамтуды ұлғайту мақсатында сейсмикалық жаттығуларды дайындау және өткізу жөніндегі әдістемені бекітті. Онда практикалық компанентті ұлғайтуға баса назар аударылды. Тұрғын үй меншік иелері ұйымдарының үйішілік чаттарының және басқа да мессенджерлерінің ресурстарын мынадай негізгі мәселелер бойынша кеңінен пайдалануға бағытталған:

  • халықты ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялау;
  • қауіпсіз жерлерде халықты паналату;
  • зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
  • зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін өрістету;
  • дабыл сандығының дайындығы мен мазмұны.
Құтқарушылардың оқу-жаттығулары / Фото: Informburo.kz

"Бұдан басқа ТЖМ Алматы қаласында болуы мүмкін жер сілкінісіне ден қоюдың өңірлік жоспарларын түзету барысында үгіт-түсіндіру жұмыстары мен барлау мақсатында ел өңірлерінен 100-ден астам қызметкер жіберілді. Олар қаланың 21 секторы мен 65 учаскесіне бекітілген. Ұйымдастырылған жұмыс барысында қаланың 8 ауданында басқарушы компаниялардың төрағаларымен, тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен және қала активімен ашық кездесулер өткізілді. "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам" және дабыл сандығын жинақтау туралы профилактикалық әңгімелесумен 8308 тұрғын үй кешенінде тұратын 725 мыңнан астам адам қамтылды", – деп қосты аға офицер. 


Оқи отырыңыз: Смайылов Алматыдағы жер сілкінісі туралы: Уақытылы ескертпеудің салдарынан адамдар терезеден секірді


Мұнымен қатар, ол халықты оқыту деңгейін арттыру және тұтастай алғанда қоғамның қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені тұрақты бақылауда екенін айтты. 

2024 жылғы екі айда қанша табиғи және техногендік төтенше жағдай болды және ТЖМ оларға қатысты қалай әрекет етті?

"112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультіне халықтан 974 477 қоңырау келіп түсіп, келесі шаралар қабылданған:

  • өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және республикалық жедел-құтқару жасағы 3024 адамды құтқарды, 3409 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 54 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 180 адамның денесін шығарды, 8704 рет дабыл бойынша, оның ішінде өртке – 1876, авариялық-құтқару жұмыстарына – 3015, өрт ретінде есепке алынбайтын жануға – 2587, көрінеу жалған шақыртуға – 26, расталмаған жану фактілеріне – 654, басқаларына – 546 шығу жасады;
  • "Апаттар медицинасы орталығы" ММ 582 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 374 адамды құтқарды, 211 адамды эвакуациялады, 1230 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 237 шығу жасады, 167 адамды эвакуациялады, 304 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті;
  • "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстарға 213, оның ішінде санитарлық авиация желісі бойынша 5 ұшу жасады;

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер мен өрттер кезінде бұзушылықтар болған жағдайларда ғана жалғасады. Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 2151 тексеру жүргізілді, 12 744 рет бұзушылық анықталды, 3526 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 275 лауазымды тұлғаға 10 945 млн теңге айыппұл салынды", – делінген министрлік құжатында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары