Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, өнер бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына президенттік стипендия бөлу туралы бұйрықтың жобасын жариялады. Құжат Ашық НҚА порталында талқылауға ұсынылған.
Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4, Қазақ ұлттық өнер университетіне – 10, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 1 президенттік стипендия бөлінді. Ал магистратураға арналған президенттік стипендия Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасына берілді.
2023 жылы аталған оқу орындарына бөлінген президент стипендиясының саны 21 болған еді. Биыл стипендия саны бесеуге азайған.
Оқи отырыңыз: Биыл Мәдениет министрлігіне қарайтын оқу орындарына 25 президент стипендиясы бөлінді