Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру қорынан адамның еңбекке қабілеттілігінен немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жасалатын төлемдерді 7 пайызға арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасын жариялады. Онымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.
"Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген жобада.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Қаулы жобасы жария талқылау мерзімі – 15 қыркүйекке дейін.
Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы. Оны кімдер және қалай алады?
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63