"2 айдан бері ақша жоқ". Алматыда 200-ге жуық құрылысшы жалақысын талап етіп, наразылыққа шықты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Құрылысшылар компания кеңсесіне жиналды.

Алматы қаласында екі айдан бері жалақысын ала алмаған 200-ге жуық құрылысшы наразылық білдірді. Жұмысшылардың айтуынша, олар үш жылға жуық бірге жұмыс істеген Atamura Group компаниясы құрылыс аяқталғаннан кейін еңбекақыларын төлемей қойған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Наразы топтың сөзінше, компания сылақшы, дәнекерлеуші және сантехник болып жұмыс істеген мердігерлерге жалпы 233 миллион теңге қарыз. Алайда жұмысшылардың айтуынша, қарызды өтеу былай тұрсын, олардың орнына басқа мердігерлер тартылып, бұрынғы жұмысшылар жұмыстан шеттетілген.

Мердігерлердің бірі Досбол Сатыбалдиевтің айтуынша, құрылысшылар нысаннан кеткеніне екі айдан асқан.

"Екі ай болды жұмыстан шыққанымызға. Ақшаны төлеуді үнемі кейінге қалдырды. Соңында "жұмысты дұрыс істемедіңдер" деп төлеуден бас тартты. Маған өзіме шамамен 10 миллион теңге қарыз", – деді ол.

Құрылысшылардың айтуынша, мәселе компания басшылығы ауысқаннан кейін басталған. Жаңа басшы бұрын қабылданған жұмыстарды мойындамай, құжаттарды да қабылдаудан бас тартқан көрінеді.

Ал компания өкілі Гүлнұр Әбішева мәселені келіссөз арқылы шешуге болатынын айтты.

"Компания ретінде ақшаны төлемейміз деп отырған жоқпыз. Бұл жерде қағаз жүзіндегі мәселелер туындап отыр. Біз бұл азаматтармен үш жыл бойы жұмыс істедік, сондықтан екі тарап келісімге келеді деп ойлаймыз", – деді ол.

Қазіргі уақытта тараптар еңбекақы бойынша есеп-қисапты қайта қарастырып жатыр. Құрылысшылар егер мәселе шешілмесе, сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз