19 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында жаңбыр соңы қарға ұласып, кей жерлерде қалың қар, көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні кей облыстарда 15–20 м/с-қа дейін жетсе, жекелеген аумақтарда 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Жетісу облысы аумағында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Жезқазған қаласында да тұман мен аралас жауын-шашын болжанып отыр.
Қарағанды облысында түнде жауын-шашын түсіп, күндіз қар жауады. Қарағанды қаласында да көктайғақ пен тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Ақтауда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында да жолдар тайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Тау асуларында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында таңертең тұман, күндіз екпінді жел болжанады.
Шығыс Қазақстан облысында аралас жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Өскеменде де осындай жағдай сақталады.
Абай облысында жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Семей қаласында да көктайғақ болады.
Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Павлодар қаласында жолдар тайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысында жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда екпінді жел соғады.
Астана қаласында 19 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады. Көкшетауда жолдар тайғақ болуы ықтимал.
Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шыққанда сақ болуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17