15-16 қазанда Астанада халықаралық құран жарысы өтеді. Қай елдер қатысады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жарысты Мүфтияттың ресми арналары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында да тамашалауға болады.

15-16 қазанда Астанада Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ІІ халықаралық Құран жарысы өтеді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

Жарыс Республикалық бас мешітте 15 қазан күні сағат 10.00-де басталады. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Бахрейн, Иран, Ресей, Шешенстан, Марокко, Түркия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Палестина, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Татарстан, Индонезия, Тәжікстан, Өзбекстан, Мысыр, Малайзия, Алжир, Пәкістан елдерінің қарилары қатысады. Олар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстаннан шақырылған әлемге танымал, тәжірибелі қарилар төрелік етеді.

"Екі күнге жалғасатын халықаралық Құран жарысын мүфтияттың төл арнасы "Munara TV», "Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасы және ҚМДБ-ның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға болады", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 2023 жылы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық Құран жарысында марокколық қари Ильяс Хажри үздік шығып, жеңімпаз атанған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары