Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге қымбаттап, 510,43 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 509,94 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,69 теңгеден сатып алынады, 512,78 теңгеден сатылады. Еуро 593,21 – 597,63 теңге, ал рубль 6,38 – 6,50 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 510,00 теңгеден сатып алынады, 517,00 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге. Рубль 6,30 - 6,60 теңге аралығында саудаланып жатыр.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07