2023 жылғы 1 қараша мен 2024 жылғы 1 қараша аралығында Қазақстан мектептерінің оқушыларына тегін не жеңілдікпен тамақ беруге арналған ваучер проактивті түрде тағайындалады. Аталған мерзімде бұл жоба республика бойынша сынақтан өткізіледі.
Оқу-ағарту және Цифрлық даму министрліктері мектеп оқушыларына арналған тегін және жеңілдікпен тамақтануға беретін ваучерлерді проактивті түрде тағайындау жобасын іске қоспақ. Бұған дейін жоба Астананың 13 мектебінде сынақтан өткізіліп, 331 ваучер берілсе, енді бір жыл ішінде бүкіл республика бойынша қолданыста болмақ.
Жоба іске қосылғаннан кейін тегін тамақ алуға құқығы бар балалардың ата-анасына sms хабарлама жолданады. Ата-ана eGov Mobile қосымшасындағы "Әлеуметтік әмиян" қызметі арқылы ваучерді іске қоса алады. Сәйкесінше баласына мектептер тегін тамақ берілуі үшін ата-анаға ешқандай құжат жинау не бір жаққа барудың қажеті жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Дәмсіз, тұзы мен қанты көп тағамдар. Мектеп асханаларында қандай мәселелер бар?
- Бала үшін жеке мектеп дұрыс па, мемлекеттік мектеп дұрыс па?
Еске салайық, тегін және жеңілдікпен берілетін тамақты алуға келесі санаттарға жататын балалар құқылы:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 1 қарашаға дейін.