Тікелей эфир

LRT құрылысы: Нұр-Сұлтан әкімінің экс орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу салынды

Сурет sky-way.org сайтынан алынды
Сурет sky-way.org сайтынан алынды
Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы кезіндегі қаржы ұрлығы жөнінде қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұл туралы бүгін брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің жетекшісі Сергей Перов хабарлады.

Тергеу барысында қала әкімдігінде және "Астана LRT" компаниясында бұрын қызмет еткен лауазымды тұлғалар мен жеке компания басшыларының миллиардтаған қаржы ұрлаған жүйесі анықталған. Қылмыстық жүйені қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың көмегімен ұйымдастырғаны белгілі болды. Олар әкімдіктегі басқарма басшылары Рашид Аманжолов және Жанат Нұрпейісовтердің көмегімен шығындарды 24 млрд теңгеден асыра белгілеген. Бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, кеңес беру қызметі және техникалық бақылау шығындары кірген.

Оқи отырыңыз: Астана автобустарында енді жолақыны камераға қарап, автоматты түрде төлеуге болады

Ал, мердігер ұйымның директорлары қосалқы мердігер компаниялармен жалған келісім жасап, қаржыны жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Осының салдарынан мемлекетке 5 млрд теңгеден көп шығын келтірілді.

Қазір аталған іс бойынша әкімдіктің 5 өкілі (барлығы да басшылар) және мердігер ұйымдардың 6 басшысы жауапқа тартылып жатыр. Олардың ішінде 5 күдікті қамауға алынған. Ал Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков және мердігер ұйымның жетекшісі Дәурен Әбдіхамитовке қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Өз кінәсін мойындаған 3 адам қамауға алынбады.

Тергеу жұмыстары желтоқсанның соңына дейін аяқталады. Ал LRT желісі соңғы кезеңінің құрылысы мен қаржыны "Астана Банкіне" орналастыру процесі Ұлттық банк пен құрылыс сараптамасының қорытындысын күтіп тұр.

Оқи отырыңыз: Бір электробус 147 млн теңге тұрады. Астана LRT оның неге қымбат екенін түсіндірді

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары