Астана LRT елордаға 100 жаңа электробус әкелу арқылы, қоғамдық көлік тапшылығын азайтып, автобустардың жүру интервалын қысқартуды көздеп отыр.
Автобустар ұлттық лизинг операторы "ҚДБ-Лизинг" АҚ арқылы автобус паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынады. Лизинг мерзімі жылдық 7% сыйақы мөлшерлемесімен жеті жылды құрайды. Бұл Қазақстандағы лизингтік мәмілелер үшін ең төменгі мөлшерлеме. Айта кетерлігі, лизингтік қаржыландыру теңгемен жүргізіледі, бұл қазіргі жағдайда тұрақтылыққа кепілдік береді", – деді Астана LRT басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.
Жаңа технологиямен жабдықталған электробус қазіргі автобус парктеріндегі дизельдік көлікпен салыстырғанда шамамен 80 пайыз отын үнемдейді.
Біз қабырғаларын тағы да қаптап, қос әйнекті терезе орнаттық, ауа баптағыш жүйенің қуатын арттырдық. Қосымша жабдықтадық – бейнемагнитофон, салондағы бейнебақылау, жолаушылар ағынының және жүргізуді басқару датчиктерін қойдық. Басқару жүйесі автобустың желіден шыққан кезін көрсетеді, жаяу жүргіншілерді "көреді", дыбыстық сигналдар арқылы жылдамдықты асырмауды ескертеді. Егер жүргізуші жауап бермесе, руль дірілдеп, белгі береді", – деді Роман Кривопаленко.
Биылғы жылдың соңына дейін 50 электробус әкелінеді, 2020 жылға дейін тағы 50 әкелуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, өнім беруші жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жүздеген зарядтау стансаларын орнатып береді.
Компания басшысының айтуынша, осы жобаны іске асыру жергілікті бюджетке салық төлемдері есебінен ақшалай түсімдерді ұлғайтуға, оларды пайдалану кезінде де қосымша жұмыс орындарын құруға септігін тиігізбек.
"Өнім берушіні таңдаудағы тағы бір шартымыз ол отандық өндіруші болуы тиіс дегенбіз. "СарыарқаАвтоПром" компаниясы барлық қажетті талаптарға сай болды. Бір Yutong электробусының құны 146 712 333 теңге. Бұл бүгінгі күнгі бағам бойынша шамамен 388 мың АҚШ долларын құрайды.
Айта кету керек, электробустарды өндіру кезінде жергіліктендіру деңгейі 27-32% құрады, зауыт электрқозғалтқышты, аспалы бөліктерді, салонның бөлшектерін өзі өндіреді", – деді басқарма төрағасы.