Тікелей эфир

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын. Ризабек Айтмұқанның жеңісі несімен маңызды?

Бұған дейін Қазақстан балуандары тек грек-рим күресінен бес рет әлем чемпионы атанған. Соңғысы 1999 жылы болды.

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұқан Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен жеңімпаз атанды. Ол ақтық сында Әзербайжан балуаны Осман Нурмагомедовтен басым түсті.

Осылайша, Ризабек Айтмұқан Еркін күрестен қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы атанса, жалпы күрес түрлерінен 24 жылға үзілген жеңіс жолын жалғады.

Бұған дейін Қазақстан балуандары әлем чемпионатында бес мәрте жеңімпаз атанған болатын:

  • 1994 жыл. Юрий Мельниченко. Грек-рим күресі.
  • 1997 жыл. Юрий Мельниченко. Грек-рим күресі.
  • 1998 жыл. Мхитар Манукян. Грек-рим күресі.
  • 1998 жыл. Бақтияр Байсейітов. Грек-рим күресі.
  • 1999 жыл. Мхитар Манукян. Грек-рим күресі.

2000 жылдан бері қазақстандық спортшылар 14 мәрте финалға шыққанымен, бәріне де алтын бұйырмай, күмісті еншілеп келген еді.

Нақты еркін күреске келсек, тәуелсіздік жылдары қазақстандық бес спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар:

  • 1995 жыл. 82 келі. Эльмади Жабраилов.
  • 2016 жыл. 70 келі. Нұрлан Бекжанов.
  • 2018 жыл. 57 келі. Нұрислам Санаев.
  • 2019 жыл. 65 келі. Дәулет Ниязбеков.
  • 2019 жыл. 70 келі. Нұрқожа Қайпанов.

Мәліметтер Қанат Байұзақовтың Facebook парақшасынан алынды. 

Серіктестер жаңалықтары