Тікелей эфир

Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Бұл сайлау – 7 партия мен мажоритарлы жүйе бойынша бір мандатты округтерден үміткер тұлғалардың бәсекесі.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда Парламент мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды. Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар:

  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Amanat партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • "Байтақ" "жасылдар" партиясы;
  • Қазақстан халықтық партиясы;
  • Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы;
  • Respublica партиясы.  

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар. 

Бұл материалда бүгінгі сайлау науқанының басты оқиғаларымен таныстырамыз.


00.16Қазақстандықтар қай партияға дауыс берді?

"Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы мәжіліс және мәслихаттар сайлауындағы экзитпол мәліметін жария етті.

Сайлауда дауыс берген халықтың үлесі – 54,83%.

  • Amanat – 53,33%;
  • Ауыл – 11,26%;
  • Respublica – 8,33%;
  • Ақ жол – 8,87%;
  • ҚХП – 6,93%;
  • ЖСДП – 5,12%;
  • Байтақ – 2,51%;
  • Барлығына қарсымын – 3,65%.

00.12Парламентке бес партия өтеді. "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты мәжіліс және мәслихаттар сайлауындағы экзитпол мәліметін жария етті.

Жалпы дауыс бергендер саны – 55,58% құрады.

  • Amanat – 54,42%;
  • Ауыл – 10,21%;
  • Respublica – 8,79%;
  • Ақ жол – 8,21%;
  • ҚХП – 6,89%;
  • ЖСДП – 4,91%;
  • Байтақ – 2,17%;
  • Бәріне қарсы – 4,40%.

00.05 Еуразиялық интеграция институты: Amanat партиясы 53,46% дауыс жинады

Жалпы дауыс бергендер саны: 53,25%

  • Amanat – 53,46%;
  • "Ауыл" партиясы – 10,52%;
  • Respublica – 8,90%;
  • "Ақ жол" партиясы – 7,87%;
  • ҚХП – 6,25%;
  • ЖСДП – 5,31%;
  • "Байтақ" партиясы – 3,22%;
  • Барлығына қарсымын – 4,47%.

Сайлаушыларға ұлттық сауалнама жүргізуге тапсырыс беруші – жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдары 31 арна, КТК телеарнасы, Informburo.kz және Zakon.kz порталдарының консорциумы.

22.16 – Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергендер үлесі бойынша Qazaqstan арнасының инфографикасы: 

22.16 – Орталық сайлау комиссиясы сағат 22.10-дағы азаматтардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпаратты жариялады.

2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы дауыс берді.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 57,02%;
  • Ақмола облысы бойынша – 60,01%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 58%;
  • Алматы облысы бойынша – 60,03%;
  • Атырау облысы бойынша – 51,23%;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,2%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,21%;
  • Жетісу облысы бойынша – 55,32%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 59,48%;
  • Қостанай облысы бойынша – 65,1%;
  • Қызылорда облысы бойынша – 67,21%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,1%;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,68%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%;
  • Түркістан облысы бойынша – 53,01%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,99%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%;
  • Астана қаласы бойынша – 42,91%;
  • Алматы қаласы бойынша – 25,82%;            
  • Шымкент қаласы бойынша – 45,46%. 

22.10 – Сайлау күні Қазақстанда 609 сәби дүние есігін ашты.

Олардың ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз бар.

"Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз! Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды" деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.

21.28 – Дауыс беру кезінде барлығы 19 заң бұзушылық тіркелген. Бұл туралы телемарафонда бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі департаментінің басшысы Азамат Сарғазин мәлімдеді.

Оның айтуынша, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру процесі басталғалы барлығы 19 заң бұзушылық тіркелген. Оның 12-сі азаматтардың басқа адамдарға дауыс беруі үшін бюллетень алуына қатысты.

Атап айтқанда:

  • Алматы облысында – 5;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 3;
  • Алматы қаласында – 1;
  • Жамбыл облысында – 1;
  • Шымкент қаласында – 1 заң бұзушылық фактісі тіркелген.

21.00 – Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері жабылды.

Астана уақытымен сағат 21:00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Енді бюллетендерді санау басталады.

Айта кетейік, бүгін жергілікті уақыт белдеуімен таңғы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстанның барлық өңірінде 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

20.28 – Орталық сайлау комиссиясы ел тұрғындарының дауыс беруі бойынша сағат 20.00-дегі ақпаратты жариялады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 пайызы бюллетень алған.

ОСК деректері

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 57,02%;
  • Ақмола облысы бойынша – 60,01%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%;
  • Алматы облысы бойынша – 60,03%;
  • Атырау облысы бойынша – 50,22%;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,21%;
  • Жетісу облысы бойынша – 55,32%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 59,48%;
  • Қостанай облысы бойынша – 65,01%
  • Қызылорда облысы бойынша – 66,46%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,08%;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,68%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%;
  • Түркістан облысы бойынша – 53,01%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,99%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%;
  • Астана қаласы бойынша – 42,91%;
  • Алматы қаласы бойынша – 25,82%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

Қорытынды ақпарат өзге уақыт белдеуі бар өңірлердегі дауыс беру аяқталып, олардың жедел деректері алынғаннан кейін берілетін болады.

20.06 – Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды.

20.00 Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды. 

Уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының тұрғындары тағы бір сағат дауыс бере алады.

19.24 – Шетелде 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді. Бұл бюллетень алу құқығы бар сайлаушылардың тең жартысынан аз. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың мәліметінше, бүгін сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және жалпы алғанда 5071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл – 41,8%

66 учаске жұмысын жалғастыруда. 

Шетелде дауыс беру Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде 20 наурызда сағат 09:00-де аяқталады.

19.12 – Молдовада теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жобасына тартылған "Теміржол жөндеу" компаниясының қызметкерлері Кишиневта дауыс берді.

19.02 Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев сайлауда дауыс берді.

Партия басшысы елордадағы Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайында орналасқан №137 сайлау учаскесінде дауыс берді.
 "Өткен Парламенттік сайлау кампаниясы Жаңа Қазақстан құруға жасалған алғашқы және нақты қадам болды", – деді Ермұхамет Ертісбаев сайлау учаскесінде сөйлеген сөзінде.

18.39 Сағат 18.10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы мәлімет жарияланды. Алматы қаласында сайлаушылардың 22,95 пайызы дауыс берді. 


 
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 пайызы бюллетень алды.

Оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 56,14%
  2. Ақмола облысы бойынша – 59,49%
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%
  4. Алматы облысы бойынша – 59,74%
  5. Атырау облысы бойынша – 49,19%
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 65,00%
  8. Жетісу облысы бойынша – 55,07%
  9. Қарағанды облысы бойынша – 58,85%
  10. Қостанай облысы бойынша – 65,00%
  11. Қызылорда облысы бойынша – 65,70%
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%
  13. Павлодар облысы бойынша – 58,61%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%
  15. Түркістан облысы бойынша – 51,07%
  16. Ұлытау облысы бойынша – 58,63%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%
  18. Астана қаласы бойынша – 40,94%
  19. Алматы қаласы бойынша – 22,95%
  20. Шымкент қаласы бойынша – 43,89%.

Келесі жедел ақпарат сағат 20.10-да берілетін болады.

18.18 – Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова бюллетеньді сайлау учаскесінен алып кеткен Алматы тұрғынының бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді.

Сурет: Informburo.kz

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес, республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті, ешкімнің біреуді сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сонымен қатар, оның өзінің еркін білдіруін шектеуіне құқығы жоқ. Бұл бейнеден сайлаушының одан ары қандай әрекет жасағаны белгісіз. Бәлкім, ол дауыс бермей, бюллетеньді өзімен бірге алып кеткен шығар. Мұнда ешқандай заң бұзушылық жоқ. Сайлаушы дауыс беруге де, бермеу де құқылы", – деді Айгүл Қалықова. 

17.41  Жетісу облысында саятшылар дауыс беруге атпен келді. 

Ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап, саятшылықты серік еткен Қуаныш Тайбосыновтың Лашын мен Сұңқар атты екі тазысы бар. Ол жүйрік аттарды баптаудың да қыр-сырын меңгерген. 

"Бүгін саятшы достарымызбен бірге келіп дауыс бердік. Бұл – біздің азаматтық парызымыз. Алдағы уақытта да саятшылықты одан әрі дамытсам деймін", – дейді Қуаныш Тайбосынов.  

17.23 – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

"Елдің бірлігі мен болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі сайлау жұртымызды ортақ мақсатқа біріктіретін игі іс-шара болады деп сенемін. Алла тағала халқымыздың тілеуін қабыл, болашағымызды жарқын еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Мемлекетіміз әрқашан өркендей берсін. Әмин!" – деді бас мүфти.

17.09 – Лондон және Лиссабон қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын жалғастыруда. 

16.53  Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс дауыс берді.


 
Актердің айтуынша, дауыс беруге келгендердің басым көпшілігі – жастар. 

"Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмай дауыс бердім. Бүгінгідей саяси науқаннан қалып кетпей өз таңдауымызды жасау – әрбір қазақстандықтың міндеті. Дегенмен, сайлауға бей-жай қарайтын азаматтар өздері бекітілген учаскеге келіп дауыс бермейді де, соңынан "сайлау әділ өтпеді" деп шағымданып жатады. Сондай келеңсіз жайттар орын алмас үшін әрбір азамат өз дауысын ұрлатпауға тиіс. Әділетті Қазақстанды орнатуды мақсат етсек, өзімізден бастаумыз қажет. Депутаттыққа үміткер болып отырған азаматтардың басым көпшілігі жастар екендігі қуантады. Еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосатын азаматтарымыздың сайлауда жеңіп шығуына тілектеспіз", – деді Бекжан Тұрыс.

16.34 – CҚО-да заңсыз он шақты бюллентеньді бір адамға пайдалануға жол берген комиссия мүшесі жұмыстан шеттетілді.

Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев Informburo.kz порталының сұратым хатына берген жауабында мәлімдеді. 

"Заңның бұзылуына жол берген комиссия мүшесі сол комиссияның шешімімен жұмыстан шеттетілді. Бұл бірегей жағдай. Бұған ұқсас жағдай болған емес", – деді АСК төрағасы Сақыпкереев.

Мұнымен қатар, СҚО аумақтық сайлау комиссиясының басшысы бейнедегі әйелдің кім екені әлі анықталмағанын бөлісті. 

16.32 Сағат 16.10-дағы жағдай бойынша Қазақстандықтардың 51,98 пайызы дауыс берген, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы. 

Осылайша Қазақстан сайлаушыларының тең жартысы дауыс берді. Ал Алматының көрсеткіші 20 пайыздан төмен.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98 пайызы бюллетень алды.

Оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 55,23%
  2. Ақмола облысы бойынша – 58,96%
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%
  4. Алматы облысы бойынша – 59,45%
  5. Атырау облысы бойынша – 48,15%
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 64,78%
  8. Жетісу облысы бойынша – 54,82%
  9. Қарағанды облысы бойынша – 58,21%
  10. Қостанай облысы бойынша – 64,81%
  11. Қызылорда облысы бойынша – 64,95%
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%
  13. Павлодар облысы бойынша – 58,43%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%
  15. Түркістан облысы бойынша – 49,14%
  16. Ұлытау облысы бойынша – 58,26%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%
  18. Астана қаласы бойынша – 38,57%
  19. Алматы қаласы бойынша –19,14%
  20. Шымкент қаласы бойынша – 42,31%.

Келесі жедел ақпарат сағат 18.10-да берілетін болады.

16.14 – Алматының №84 сайлау учаскесінде әнші Жанар Айжанова өз таңдауын жасады.

Әнші дауыс берген сәтін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

"Сайлау учаскесіне сылдырмағыммен барып, өз таңдауымды жасап келдім", – деп жазды әнші.

16.01 – Танымал актриса Әлмира Тұрсын да сайлауда таңдау жасағанын бөлісті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almira Tursyn (@almiratursyn)

"Мен өз таңдауымды жасадым! Азаматтық борышымды орындадым! Димаш Ахметұлы маған риза болатын еді! Достар, дауыс беруді ұмытпаңыздар! Партия мен кандидаттарды таңдағыңыз келмесе, бюллетеньдегі "бәріне қарсымын" деген бағанды белгілеуіңізге болады. Таңдау құқығын пайдаланыңыз", – деп жазды Әлмира Тұрсын. 

15.59 Алматыда "КешYou" тобының экс-мүшесі Мөлдір Әуелбекова өз таңдауын жасады.

Сурет: Мөлдір Әуелбекованың желідегі парақшасынан

Түс ауа белгілі отандық эстрада әншісі дауыс беру үшін өзінің сайлау учаскесіне келді. 

"Бала-шағамның болашағы үшін сайлауда белсенділік танытып, таңдау жасауға келдім. Еліміздің өркендеуіне үлес қосу үшін дауыс беремін", – деді әнші сайлау учаскесіне кіріп келе жатып.

15.41 – "Ақ жол" демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев сағат 15.00-дегі жағдай бойынша партияның республикалық штабы Орталық сайлау комиссиясы мен бас прокуратураға 12 заң бұзушылық бойынша 4 хаттан жолдағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл заң бұзушылықтарды "Ақ жол" бақылаушылары анықтаған. Мұнымен қатар, ол кей жағдайда аймақтық сайлау комиссиясының заң бұзышылықтарға жедел араласып, уақытында жауап беріп жатқанын айтты. 

"Айта кету керек, партия бақылаушылары тиісті нәтижеге қол жеткізе алмағанда республикалық штаб бақылаушылары араласады", – деді Азат Перуашев. 

15.36 Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда дауыс берді. Өңір басшысы дауыс беру үшін Кеншілер мәдениет сарайындағы № 17 сайлау учаскесіне келді. 

15.23 – Алматы қаласында отбасын құрған жас жұбайлар өз сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Дауыс беруге қалыңдық ақ көйлек, күйеу жігіт классикалық костюм киіп келді. Олар Бостандық ауданындағы №270 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. 

14.53 – Бас прокуратураға дауыс беру рәсімі басталғалы ықтимал заң бұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды.

"Өтініштерде орын алуы ықтимал заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жөнінде жазылған. Сондай-ақ азаматтар бүгін келесі аумақтық прокуратураларға тікелей жүгініп отыр. Атап айтқанда, Астана қаласында – төрт, Алматыда – бір, Шымкентте – үш, ШҚО-да – бес, Түркістан облысында – төрт, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың барлығы қаралу сатысында", – деді ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Сарғазин.

Фото: ortcom.kz

14.41 – Алматыда сайлауға мониторинг жүргізу үшін Бақылаушылар мектебі 1723 адамды дайындады.

"Сайлау тек кандидаттарға, дауыс берушілерге ғана емес, тәуелсіз бақылаушыларға да жауапкершілік жүктейді. Мен және әріптестерім тәуелсіз бақылаушыларды таңдап, оқыттық. Тәуелсіз байқаушылардың құрамына әртүрлі адамдар кірді. Олар – жастар, жас санатындағы адамдар және әртүрлі әлеуметтік топтар", – деді Бақылаушылар мектебінің басшысы Александр Братенков.

Алматыда сайлауды бақылау бойынша 8 қоғамдық ұйым аккредитациядан өтті.

14.20 – Алматыда танымал тұлғалар дауыс берді. Олардың арасында Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Төрегелді Шарманов, Роза Рымбаева, Дмитрий Баландин секілді өнер мен әдебиет, спорт саласында еңбек сіңірген тұлғалар бар.

"Көңіл-күй жақсы, бүгін мейрам. Наурыз мерекесі өтіп жатыр, сайлау жүріп жатыр. Бұл халық үшін үлкен мағыналы, мәнді жағдай. Сондықтан халықты әрқашан да қуанышқа бөлеу – барлығымыздың міндетіміз. Бүгінгі сайлау ерекше деп ойлаймын. Парламентке кіріп жатқан жастар. "Жас келсе іске" деген, жастарға мен сенемін", – деді Асанәлі Әшімов.

Бибігүл Төлегенова үйінде дауыс берді / Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

14.10 – Сағат 14.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

  • Абай облысы – 52,28%;
  • Ақмола облысы – 52,12%;
  • Ақтөбе облысы – 51,28%;
  • Алматы облысы – 52,13%;
  • Атырау облысы –36,15%
  • Батыс Қазақстан облысы – 55,14%
  • Жамбыл облысы – 58,32%;
  • Жетісу облысы – 52,41%;
  • Қарағанды облысы – 56,97%;
  • Қостанай облысы – 62,36%;
  • Қызылорда облысы – 54,31%;
  • Маңғыстау облысы – 49,18%;
  • Павлодар облысы – 51,24%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 49,68%;
  • Түркістан облысы – 48,37%;
  • Ұлытау облысы – 52,29%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 58,69%;
  • Астана қаласы – 33,65%;
  • Алматы қаласы – 15,38%;
  • Шымкент қаласы – 35,61%.

13.58 – Алматыда №343 сайлау учаскесінде 107 жастағы кейуана Қанша Жақсыбаева дауыс берді. Кейуананы сайлау учаскесіне қызы Кенже арнайы көлікпен алып келді.

"Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан сайлау комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды, көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім", – дейді Қанша Жақсыбаева.

Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының ең қарт тұрғыны Қанша Жақыбайқызы 1916 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. Бұл күнде 26 немере, 36 шөбере,19 шөпшек көріп отыр. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің бар белесінен өтті.  Ұзақ жылдар бойы колхоздың қызылшасын екті. Қой бақты, сиыр сауып, сауыншы да болды. Қара жұмыстың барлығын атқарып, жұмысшы болды. Нағыз еңбек адамы атанды.  

13.45 – Осы сәтке дейін алты партияның төрағасы сайлауда өз таңдауын жасады. Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қана дауыс бермеді.

"Бүгін 17.00-ге қарай нақтыланады деп ойлаймын. Таңертең дауыс беремін деп жоспарлаған еді, бірақ өкінішке қарай, ауырып қалды. Басқа ештеңе айта алмаймын", – деді партия төрағасының орынабсары Серікқали Мұқашев.  

13.37 – Алматыдағы 12 сайлау учаскесінде болған АҚШ-тан келген бақылаушы Ричард Уильям Вейтц сайлауды бақылау барысында алған алғашқы әсерін бөлісті.  

"Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде, дауыс берушілер аз. Маған бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді", – деді Ричард Уильям Вейтц.

Фото:  Informburo.kz

13.25 – Қонаев қаласында орналасқан "Тұлпар" ретрокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев сайлауда автошеру ұйымдастырып, өз таңдауын жасады.

"Бүгінгі шараға онға жуық автокөлік қатысады. Барлық сайлау учаскелерін аралап шығамыз. Әз Наурыз мерекесіне орай тағы да автошеру ұйымдастырмақ ниеттеміз. Жалпы біз ешқандай шарадан тыс қалмаймыз. Сонымен қатар бүгін азаматтық борышымызды өтеп, дауыс бердік", – деді Мұрат Сіргебаев.

Фото: Қонаев әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласында 34 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның бесеуі – жабық сайлау учаскелері.

13.17 – Жетісу облысы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылының көкпаршылары №147 сайлау учаскесіне атпен келіп дауыс берді. Көкпаршылар жұртшылықты дауыс беруге шақырды.

“Жылқы десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Біз көкпаршылар атынан жастарға үлгі болсын деп сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды”, – деді көкпаршы Қайрат Тоғысбаев.

Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңаталап ауылындағы сайлау учаскесінде 1000-ға жуық дауыс беруші бар. 

13.10 – Дауыс беріп, сыйлыққа кітап ал! Алматы қаласы Бостандық ауданындағы 254 сайлау учаскесі Ұлттық кітапханада орналасқан. Мұнда дауыс беруге келген сайлаушылар сыйлыққа кітап алып жатыр.  

Ұлттық кітапхананың директоры әрі сайлау комиссиясының төрайымы Бақытжамал Оспанованың айтуынша, таңертеңнен бері сайлауға келіп жатқан азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Бостандық ауданының тұрғындарына сайлау учаскесінде кітаптан бөлек түрлі кәдесый мен тәттілер де таратылып жатыр.

"Ата-анасымен еріп келген балақайларға шоколадтар берілді. Сыйдың төресі – кітап. Қазақстанның ертеңі үшін мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс беруге келгендерге Герольд Бельгер, Хасен Әдібаев, Ермек Тұрсынов, Ескермес Ескендіров, басқа да авторлардың кітаптары сыйға тартылды", – деді Бақытжамал Оспанова. 

12.58 – Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласында 14 шағынаудан №1 мектепте орналасқан №31 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Сайлауда белсенділік таныту – мықты ұлттың белгісі. Сайлау – халықтың қалауы мен ел тағдырына бей-жай қарамайтындығының көрсеткіші. Сондықтан сайлауға қатысу әрқайсымыз үшін өте маңызды. Бұл мықты азаматтық қоғамды дамытуға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Ноғаев.

12.51 – Асхат Аймағамбетов сайлауда дауыс беруге отбасымен бірге келді. 

"Отбасыммен сайлау учаскесіне барып, дауыс бердік. Жақсы белсенділік байқалады. Баршаларыңызды өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!" – деді Асхат Аймағамбетов. 

12.33 – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Өскемен қаласының № 47 орта мектебінде орналасқан № 2 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Қазақстанның тағдыры – біздің балаларымыздың тағдыры. Сол себепті сайлауға, елімнің өміріне араласу – менің парызым. Балаларым өз Отанында өмір сүруді, оқуды және жұмыс істеуді жоспарлап отыр", – деді Ольга Рыпакова.

12.15 – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев сайлауда өз таңдауын жасады. 

Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс беріп жатыр. Сурет: желідегі парақшасынан

"Сайлауға халық жақсы келіп жатыр, сәттілігімен болсын. Ендігі мәселе сайлау әділ өтсін, алдағы бес жылда елдің тағдыры, бағыт-бағдары бүгіннен басталады!" – деді Нұрлан Әуесбаев. 

12.14 – Сағат 12.10-дағы жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы мәлімет жарияланды. 
 
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 пайызы бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 33,58%
2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18%
4. Алматы облысы бойынша –34,41%
5. Атырау облысы бойынша –30,66%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша –33,61%
7. Жамбыл облысы бойынша –35,82%
8. Жетісу облысы бойынша –33,15%
9. Қарағанды облысы бойынша –34,19%
10. Қостанай облысы бойынша –37,39%
11. Қызылорда облысы бойынша –32,78%
12. Маңғыстау облысы бойынша –32,43%
13. Павлодар облысы бойынша –34,26%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –32,81%
15. Түркістан облысы бойынша –38,29%
16. Ұлытау облысы бойынша- 34,61 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша –34,16%
18. Астана қаласы бойынша –23,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%
20. Шымкент қаласы бойынша –19,63%

Келесі жедел ақпарат сағат 14.10-да берілетін болады.

12.11 – Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді.

"Бүгінгі сайлауда дауыс беріп, азаматтық борышымды өтедім. № 130 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары, бұл отандастарымыздың саяси процеске үлкен ынтамен қатысып жатқанын көрсетеді және бұл қуанарлық жағдай. Қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, өз таңдауын жасауға шақырамын", – деді Асхат Оралов. 

12.10 – Жазушы, драматург Дулат Исабеков Алматыда дауыс берді.

Ол сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келді.

"Мен азаматтық борышымды орындап, жаңа Қазақстанның жаңа адамдары үшін дауыс бердім. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандастарымды Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді!" – деді Дулат Исабеков

11.59 – ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлауда дауыс беруге келді. 

Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс беріп жатыр. Сурет: Informburo.kz

Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 

"Наурыз мерекесі баршамызға көктемнің қуанышы мен жылулығын алып келсін. Әр отбасыға бар жақсылық пен береке тіледім", – деді тұңғыш президент. 

11.34 – Алматыда Алатау ауданының әжелері сайлау учаскелеріне ұлттық киіммен барды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Алматыда көптеген сайлау учаскесі қонақтарды би және тәттілермен қарсы алып жатыр. Алатау ауданының әжелері ұлттық киіммен №528, 573 және 620 сайлау учаскелеріне барып,  дауыс беруге келгендердің барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

11.28 – Respublica партиясының тең төрағасы Айдарбек Қожаназаров сайлауда дауыс берді. 

Партия басшысы журналистердің "Respublica сайлау қорытындысы бойынша басқа саяси партиямен коалиция құруға дайын ба?" деген сұрағына жауап берді.

"Халық мұны қажет деп санаса, біз коалицияға қосылуға және бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бізде теріс амбиция жоқ, тек халық пен халық игілігі үшін жұмыс істейтін боламыз. Басқа партияны қуана отырып өз қатарымызға қосуға дайынбыз, бұл әзірге бірігудің жалғыз нұсқасы", – деді Айдарбек Қожаназаров. 

11.13 – Академик Төрегелді Шарманов Алматы қаласында сайлауда дауыс берді. 

Бүгін Алматыда медицина ғылымдарының докторы, нутрициолог, ғалым Төрегелді Шарманов өзінің сайлау учаскесіне келіп, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс берді.

Айта кетейік, Алматыда таңғы сағат 10.00-де сайлаушылардың келуі 8,51 пайызды құрады.

11.05 – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова сайлауда дауыс берді.

Сурет: Informburo.kz

Министр журналистердің үкіметтен орын алуға қатысты сұрағына жауап берді. 

"Бұл жағдайға байыппен қараймын. Тағы бір мүмкіндік берсе, жұмысымды жалғастырамын. Ал егер алғыс айтар болса, менің басқа айналысатын ісім бар. Мен ғылымға ерекше қызығамын, жалпы өзім Хирш индексін жоғарылатамын деп мақсат қойып едім – қазір менде тек 2. Ғылыммен көбірек айналысып, көбірек мақала жариялағым келеді, алайда уақыт тапшы", – деді Зүлфия Сүлейменова. 

10.53 – Кувейт, Аддис-Абеба, Минск пен Брестте сайлау учаскелері ашылды.

10.43 Ұлттық кітапханадағы №111 сайлау учаскесінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дауыс берді.

10.36 – Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есігін ашты.

10.33 – "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Астанадағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді.

10.28 – "Парламент Мәжілісі мен маслихаттар депутаттарының сайлауында дауысымды бердім", – деп бөлісті Алтай Көлгінов. 

10.10Сайлауда дауыс беруде Жамбыл облысы алда келеді, көш соңында – Алматы қаласы. Азаматтардың сайлауда дауыс беруге келуі туралы ақпарат жарияланды.


  
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алды, деп хабарлайды Орталық Сайлау комиссиясы. 

Оның ішінде: 

1. Абай облысы бойынша – 15,13% 
2. Ақмола облысы бойынша – 15,61% 
3. Ақтөбе облысы бойынша – 12,44% 
4. Алматы облысы бойынша – 15,32% 
5. Атырау облысы бойынша – 12,94% 
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96% 
7. Жамбыл облысы бойынша – 16,54% 
8. Жетісу облысы бойынша – 15,93% 
9. Қарағанды облысы бойынша – 16,31% 
10. Қостанай облысы бойынша – 16,23% 
11. Қызылорда облысы бойынша – 12,64% 
12. Маңғыстау облысы бойынша –12,36% 
13. Павлодар облысы бойынша – 16,49% 
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93% 
15. Түркістан облысы бойынша – 15,62% 
16. Ұлытау облысы бойынша – 16,38% 
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11% 
18. Астана қаласы бойынша – 13,58% 
19. Алматы қаласы бойынша – 8,51% 
20. Шымкент қаласы бойынша – 12,57%.

09.47 – Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова Алматыда барлығы 603 дауыс беру учаскесі бар екенін айтты. Бүгін олардың 602-і жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелерінің біреуі ол жерде дауыс берушілер болмағаннан кейін,  жұмысын тоқтатты – бұл ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімі. 

"Біздегі ақпарат бойынша барлық сайлау учаскесі жұмысына кірісті. Оның ішінде 7 учаскеде халық таңғы сағат алтыдан бастап дауыс беріп жатыр. Қалғандары жұмысын сағат жетіде бастады. Мұнымен қатар, бізде азаматтардың уақытша тұруына арналған бірнеше учаске бар, олар – әскери бөлімдер, санаторийлер және т.б. Ол жерлердің өз ережесі бар, соған сәйкес телефонмен кіргуе рұқсат берілмейді", – деді Айгүл Қалықова. 

АСК төрайымы тіркеуден шығару куәліктері арқылы дауыс беруге қатысты маңызды жайтты еске салды. 

"Алматы қаласында есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру сайлаудың тек бір түрі бойынша мүмкін – ҚР парламентінің мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша дауыс беру. Басқа сайлаулар бойынша "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және есептен шығару куәліктерін беру қағидаларына сәйкес, дауыс беруге жол берілмейді", – деді Айгүл Қалықова.

Ол сонымен қатар, жалпы жұмыстың штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті.

09.44 – "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев сайлауда өз таңдауын жасады. 

"Әр үміткер іштей жеңемін деп ойлайды. Біз де жеңеміз деп үміттеніп отырмыз. Бірақ соңғы шешімді халық қабылдайды. Ең бастысы – халықтың белсенділігі. Бүгін еліміздің тағдырын шешетін адамдар сайлауға түсіп жатыр, сол себепті халық барынша белсенді болуы керек", – деді Азаматхан Әміртаев. 

09.30 – "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев Астанадағы №133 учаскеде дауыс берді.

Партияның сайлауда жеңіске жету мүмкіндіктері туралы сұраққа "Бірдеңе айту әлі ерте, сайлау қорытындысын күтеміз" деп жауап берді. 

09.27 – Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуов сайлауда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

09.22 – ЖСДП партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді. Ол Астанадағы №158 учаскеде дауыс берді.

09.17 – ҚР Оқу-ағарту министрі парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Министр тұрғылықты мекенжайы бойынша Астанадағы №81 мамандандырылған гимназияда орналасқан №379 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

09.12 – Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері жұмыс істей бастады.

09.05 – Мәжіліс сайлауында дауыс беруге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бұл жолы да баласымен бірге келді. 

"Таңдаудың көп болғаны және ішінде өзіңіз дауыс бергіңіз келетін адамның болғаны жақсы. Қасым-Жомарт Кемелұлы еркіндіктің жақтаушысы болды, азаматтар сайлауға өзі түсе алатындай жағдай жасалды. Ұзын-сонар бюллетеньдер еркіндік пен демократияның көрінісі", – деді Бағдат Мусин. 

Мұнымен қатар, ол сайлауға неліктен әрдайым баласымен бірге келетінін айтты. 

"Үнемі балаларға процестің қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіріп, көрсетіп отыру маңызды. Екіншіден, үйде баланы қалдырып кететін адам болмады", – деді министр Бағдат Мусин. 

08.48 – Қорғаныс министрі өкілді органдардың депутаттарын сайлауға қатысты.

Астанадағы сайлау учаскесіне қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов алғашқылардың бірі болып келді.

"Бұл сайлаудың ерекшелігі – партиялық тізім бойынша да, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша да өтуінде. Біз үшін парламентте әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін заңнамалық жетілдіру, зейнетақымен қамсыздандыру және Отан қорғаушы мәртебесін нығайту жұмыстарының жалғасуы өте маңызды", – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ұйымдастырылған 21 сайлау учаскесінде Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі сарбаздары мен курсанттарының дауыс беруі жүріп жатыр.

08.46 – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, ел тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір саяси науқандағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 

"Әділетті болайық, шыншыл болайық. Адалдыққа еш нәрсе жетпейді. Сондықтан бүгінгі науқанға баршамыз үн қоссақ деймін. Ертең депутаттар да біздің сенімімізді ақтасын. Елін, жерін, халқын шынайы сүйетін жандар көп болсын деп тілеймін!" – деді Асылы Осман.

08.40 – Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сайлауда өз таңдауын жасады. 

08.25 – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Парламент мәжілісі және мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

"Таңертең Оқушылар сарайында орналасқан №59 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Қалада 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғысымды білдіремін", – деді Жеңіс Қасымбек. 

08.17 – Ташкент, Ашхабад, Исламабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.

08.10 – "Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

"Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған, халықтың белсенділігі өте жоғары. Таң енді атып жатқанына қарамастан, барлығы келіп дауыс беріп жатыр. Жұмыстар аясында барлық өңірді араладық. Қазақстандықтардың өз тағдырын өзі шешуге деген құлшынысын көрдік", – деді Ерлан Қошанов. 

08.08 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

08.00 – Алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді. 

07.40 – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Әлихан Смайылов. Фото: Информбюро порталы

Әлихан Смайылов сайлаудан кейін жаңа үкімет басшысы кім болатыны туралы журналистердің сауалына:

"Жаңа премьер-министрдің кім болатынын президент пен мәжіліс шешеді. Біз қандай жағдайда да еліміз үшін еңбек етуге дайынбыз", – деді Әлихан Смайылов.

07.39 – Дауыс беру құқығы бар тұрғындарының саны ең көп өңір – Алматы қаласы. Мұнда 1,2 миллионнан астам сайлаушы болса, олар үшін 602 учаске жұмыс істейді. 

07.35 – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ерлан Қарин. Фото: Информбюро порталы

"Бұл сайлаудың маңызы ерекше, өйткені ол жаңа ережемен өтіп жатыр. Парламент жаңаша сайланып қана қоймайды, ол жаңа өкілеттіктерге ие болады. Бұл сайлау президент реформаларын жүзеге асыру жолында жаа алғышарттар құрады" – деді мемлекеттік кеңесші. 

07.28 – Орталық сайлау комиссиясы брифингте сайлау учаскелерінің ашылуы туралы ақпарат берді. Комиссия мәліметінше, барлығы 10 223 сайлау учаскесі бар. 62 шет мемлекетте 77 учаске жұмыс істейді.

Олардың ішінде сағат 07.00-де Қазақстанда 8272 учаске жұмысын бастаса, 12 шет мемлекетте 13 учаске сайлаушыларды қабылдай бастады. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның батыс өңіріндегі 1887 сайлау учаскесі жұмысқа сағат 08.00-де кіріседі.

"Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттегі 13 учаскесінде дауыс беру басталды. 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды. 5 өңірдің, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының 1 887 учаскесінде дауыс беру астана уақытымен сағат 08.00-де басталады. Барлығы 10 223 учаскесі, оның ішінде 62 шет мемлекеттегі еліміздің 77 учаскесі бар", – деді ОСК мүшесі Константин Петров.

07.00 – Қазақстан қалалары мен елді мекендерінде сайлау учаскелері сайлаушыларды қабылдай бастады. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. 

№111 сайлау учаскесі. Астана қаласы

06.36 – Уақыт белдеуіне байланысты ең алғашқы сайлау учаскелері шалғай шығыс елдерінде ашылды. Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батор, Джакарта, Бангкок және Ханой қалаларында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. 

Сеул қаласында ең алғашқы болып дауыс берген курсант Елнұр Асанов

Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары