USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға белгіленді, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

"Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады", – делінген хабарламада. 

Мұнымен қатар, мемлекет басшысы "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" Жарлыққа қол қойды.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Парламент сайлауы заңға сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс


"Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек. Мен баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын", – деді президент. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз