Тікелей эфир

25-тегі жастан 74-тегі зейнеткерге дейін: Мәжілістің жаңа құрамына шолу

Сурет: Aqorda сайты
Сурет: Aqorda сайты
Сегізінші сайланған Парламент Мәжілісінің құрамы 75 пайызға жуық жаңарды.

Шәкәрімше айтсақ, "бұл Мәжіліс бұрынғыдан өзгерек". Сегізінші рет сайланған мәжілістің құрамы бұған дейінгі құраммен салыстырғанда 74,48% жаңарған. Соған орай, Informburo.kz порталы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құрамына шағын талдау жасады.

Оқу жеңіл болуы үшін материалдың қысқаша мазмұнын әзірледік: 

Мәжіліске бірнеше мәрте сайланған депутаттар кім?

VIII шақырылым Парламент Мәжілісінің құрамында VII шақырылымда болған 22 депутат бар. Осылайша мәжілістің жаңа құрамы 74,48% жаңарды. 

22 депутаттың 19-ы Amanat партиясының өкілі болса, үшеуі "Ақ жол" партиясының мүшесі. 

Фото: https://t.me/sailau_23

VII және VIII шақырылымда бар депутаттар:

  1. Авершин Константин (Amanat);
  2. Адамбеков Тілектес (Amanat);
  3. Әшімжанов Жанарбек (Amanat);
  4. Әлтай Аманжол (Amanat);
  5. Бейсенбаев Елнұр (Amanat);
  6. Дементьева Наталья (Amanat);
  7. Елеуов Ғалымжан (Amanat);
  8. Имашева Снежанна (Amanat);
  9. Казанцев Павел (Amanat);
  10. Колода Дмитрий (Amanat);
  11. Қошанов Ерлан (Amanat) – екі шақырылымда да Мәжіліс төрағасы;
  12. Құспан Айгүл (Amanat);
  13. Кучинская Юлия (Amanat);
  14. Рау Альберт (Amanat);
  15. Саиров Ерлан (Amanat);
  16. Сарым Айдос (Amanat);
  17. Смышляева Екатерина (Amanat);
  18. Сүлейменова Жұлдыз (Amanat);
  19. Тұрғанов Дүйсенбай (Amanat);
  20. Барлыбаев Ерлан (Ақ жол);
  21. Иса Қазыбек (Ақ жол);
  22. Перуашев Азат (Ақ жол). 

Оқи отырыңыз:


Мәжілістің орташа жасы қалай өзгерді?

Сегізінші мәрте сайланған Мәжілістің орташа жасы – 49,5 жас. Жасы ең кіші мәжіліс депутаты – 25-те болса (Динара Наумова), ал үлкені – 74 жаста (Бақтықожа Ізмұхамбетов). 

Төменде соңғы 6 мәжілістің жас құрамына талдауды ұсынамыз: 

  • Үшінші сайланған мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста.
  • Төртінші сайланған мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болды – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат.
  • Бесінші сайланым – депутаттық корпустың орташа жасы – 56 жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 жастан 59 жасқа дейінгі депутаттар құрады, олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін 40 жастан 49 жасқа дейінгі депутаттар – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас аралығындағылар – 4 депутат.
  • Алтыншы сайланымда депутаттық корпус 60% жаңарды. Депутаттардың орташа жасы – 55 жас (2016 жылғы 31 наурыздағы күнге сәйкес). 40 жасқа дейін – 7 депутат, 40-тан 60-қа жасқа дейін – 77 депутат, 60 жастан асқандар – 23 депутат.
  • Жетінші сайланым – депутаттардың орташа жасы – 50 жас (2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша). 40 жасқа дейін – 19 депутат, 40-тан 60-қа жасқа дейін – 69 депутат, 60 жастан асқандар – 19 депутат.
  • Сегізінші сайланымда депутаттардың орташа жасы – 49,5 жас. Ең кіші мәжіліс депутаты – 25 жаста, ал үлкені – 74 жаста. 
Фото: Информбюро порталы

Партиялар бойынша орташа жас қандай?

"Ақ жол" партиясы:

  • ең кіші – 32;
  • ең үлкен – 61;
  • орташа жас – 46,5.

Amanat партиясы:

  • ең кіші – 30;
  • ең үлкен – 74;
  • орташа жас – 52.

"Ауыл" партиясы:

  • Ең кіші – 34;
  • Ең үлкен – 69;
  • Орташа жас – 51,5. 

ЖСДП:

  • Ең кіші – 29;
  • Ең үлкен – 65;
  • Орташа жас – 47.   

ҚХП:

  • Ең кіші – 27;
  • Ең үлкен – 63;
  • Орташа жас – 45 жас. 

Respubliсa партиясы:

  • Ең кіші – 25;
  • Ең үлкен – 50;
  • Орташа жас – 37,5.

Бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттар:

  • ең кіші – 34;
  • ең үлкен – 67;
  • орташа жас – 50,5.

ҚР Парламент Мәжілісінің құрамындағы ең жас партия – Respublica (25 жас), ал мүшелерінің жасы ең үлкені – Amanat партиясы (74). 

Қай партия басшылары Мәжіліс депутаты болды?

  • Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов;
  • Respublica партиясының тең төрағасы Айдарбек Қожаназаров мәжіліс депутаты болып сайланды. 

Мәжіліске өткен партиялар қатарында "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев пен Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бұл тізімде жоқ. 


Оқи отырыңыз:


Мәжіліске қанша әйел депутат болды?

Биылғы жаңа Мәжілісте 98 депутат бар болса, олардың 18-і (18,3%) – әйел, ішінде сегізі – Amanat партиясының өкілі. Айта кетейік, Respublica партиясы жеңіп алған 6 мандаттың тең жартысын әйелдер иеленген. Бұрынғы мәжілістердің құрамына талдау жасай отырып, төменгі палатаға өткен әйелдер үлесінің кемігенін байқауға болады. Мәселен, алтыншы және жетінші мәжілісте әйел депутаттар саны 29 (27%) болатын. 

Мәжіліске өткен әйелдер тізімі: 

  1. Дементьева Наталья (Amanat);
  2. Имашева Снежанна (Amanat);
  3. Құспан Айгүл (Amanat);
  4. Кучинская Юлия (Amanat);
  5. Савельева Татьяна (Amanat);
  6. Смышляева Екатерина (Amanat);
  7. Сүлейменова Жұлдыз (Amanat);
  8. Шапақ Үнзила (Amanat);
  9. Еспаева Дәния (Ақ жол);
  10. Әбден Қарақат (Ауыл);
  11. Сағандықова Ажар (ЖСДП);
  12. Смирнова Ирина (ҚХП);
  13. Танашева Гаухар (ҚХП);
  14. Наумова Динара (Respublica);
  15. Тауқызы Нұргүл (Respublica);
  16. Шүкіжанова Динара (Respublica);
  17. Мысырәлімова Айна;
  18. Нұрымова Гүлдара. 
Фото: Информбюро порталы

Төменде Қазақстан тарихында Мәжіліс құрамындағы әйелдер санының өзгерісіне талдау жасадық: 

  1. ҚР парламентінің мәжіліс сайлауы 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды, олардың 9-ы – әйел адам. 
  2. 1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша ҚР парламентінің мәжіліс сайлауы өтті. Сайланған 77 депутаттың 8-і – әйел.
  3. Үшінші сайлау 2004 жылғы қыркүйекте өтіп, барлығы 77 депутат сайланды. Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар.
  4. Төртінші мәжіліс сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2007 жылғы тамызда өтті. Жаңартылған Конституцияға сәйкес мәжіліс 107 депутаттан құралды. Әйелдердің саны екі еседен астам артты – 17 әйел депутат.
  5. 2012 жылғы қаңтардағы бесінші шақырылымда конституциялық нормаларға сәйкес 2008 және 2011 жылдары сайланған, 2007 және 2011 жылдары ҚР президенті тағайындаған сенат депутаттары өкілеттіктерін жалғастырды. Барлығы 107 депутаттың 26-сы әйел болды.
  6. Алтыншы ҚР парламенті мәжілісінің сайлауы 2016 жылғы 20 наурызда өтті. Мәжілістің жаңа құрамында: ер адамдар – 78 (73%), әйелдер саны – 29 (27%).
  7. Жетінші сайланған мәжіліс сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Мәжілістің жаңа құрамында: ер адамдар – 78 (73%), әйелдер саны – 29 (27%).
  8. Сегізінші мәжіліс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтті. Ассамблея ұсынатын депутаттар болмайтындықтан, осы шақырылымнан бастап мәжілісте 107 емес, 98 депутат болады. Оның 69-ы партиялық тізім, қалған 29-ы бір мандатты округтерден сайланады. Ішінде — 18 әйел, 80 ер адам.

Оқи отырыңыз:


Мәжілісте "Болашақтың" неше түлегі бар?

Биылғы жаңа Мәжіліс құрамына "Болашақ" халықаралық бағдарламасының бірнеше түлегі бар. 

Олардың қатарында: 

  • Самат Нұртаза (Amanat);
  • Тілектес Адамбеков (Amanat);
  • Константин Авершин (Amanat);
  • Нұргүл Тау (Respublica);
  • Болат Керімбек (Amanat);
  • Марат Бәшімов (Amanat) бар. 
Серіктестер жаңалықтары