USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Қазақстан 26 сәуірден бастап Түркияға әуе рейстерінің санын аптасына тоғызға дейін қысқартады

Бүгінде Ыстанбұл мен Анкараға аптасына 20 рейс орындалады.

Қазақстан Түркиямен әуе қатынасын шектейді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

26 сәуірден бастап Ыстанбұл мен Анкараға аптасына 20 рейстің орнына тек тоғыз рейс орындалады. Мұндай шешімді Түркиядағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қабылдады. Шектеулерді алып тастау туралы шешім эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданатын болады.

Бұған дейін Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті азаматтарды Түркияға барудан бас тартуға шақырған болатын. Түркияда күн сайын covid-19 жұқтырудың 60 мыңға жуық оқиғасы тіркелуде.


Оқи отырыңыз: 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау