Тікелей эфир

Кешіккен немесе кейінге қалдырылған рейстің жолаушысына не істеу керек?

Informburo.kz редакциясы жолаушылардың құқықтарын зерттеді. Құқы бұзылғандарға қалай қорғану керектігін түсіндіруге SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі мен әуе көлігінде жолаушыларды, жүктерді тасымалдау Ережесі көмектесті.

№1. Рейс қандай себептерге байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін?

Екі себепке байланысты:

  1. Әуе компаниясының еркіне байланысты (ұшу кестесінің жоспарлы және жоспардан тыс өзгеруі).
  2. Әуе компаниясының еркінен тыс (аяқ астынан туындаған және алдын алу мүмкіндігі жоқ техникалық ақауларға, ауа райының қолайсыздығына байланысты, сондай-ақ форс-мажорлық жағдайларда).

№2. Әуе компаниясы қосымша шығындарсыз қанша сағатқа дейін рейсті кейінге қалдыра алады?

Егер рейс екі сағат және одан да кем уақытқа кешіксе, әуе компаниясы жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға бөлме (бар болса) ұсынады. Егер рейс екі сағаттан көп уақытқа кешіктірілетін болса жолаушының таныс-туыстарына, соның ішінде халықаралық байланысқа екі рет қоңырау шалу (сөйлесу ұзақтығы бес минуттан аспауы тиіс) немесе электронды поштамен екі хабарлама жіберу құқығы бар.

№3. Рейс кешіккенде қандай жағдайда әуе компаниясы жолаушыға ыстық тамақ ұсынуға міндетті?

Екі сағаттан артық уақытқа рейс кешіктірілетін болса әуе компаниясы жолаушыларға салқындатылған сусын ұсынуға міндетті.

Төрт және одан да көп уақытқа кешіктірілген жағдайда, күндізгі уақытта – әр алты сағат сайын, түнгі уақытта – әр сегіз сағат сайын жолаушыларға ыстық тамақ ұсынуы тиіс.

№4. Әуе компаниясы қандай жағдайда ауысым (трансфер) және қонақ үй ұсынуы тиіс?

Күндізгі уақытта – сегіз сағаттан аса уақыт, түнгі уақытта – алты сағаттан артық уақыт рейс кешіктірілген жағдайда жолаушыларды қонақ үйге орналастыруға міндетті.

№5. Әуе компаниясы тамақ, ауысым (трансфер) және қонақ үй ұсынбаса жолаушылар не істеуі керек? Қайда шағымданған жөн?

Ұшу бекетіндегі әуе компаниясының өкіліне жүгіну керек. Сондай-ақ тұтынушыларды қолдау орталығының +7 (725) 299-88-80 (тәулік бойы жұмыс істейді) нөміріне қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, қажетті құжаттарын қоса жолдаумен әуе компаниясына ресми хат жаза алады. Сұраным жекелей тәртіпте қаралатын болады.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Что делать пассажиру самолёта, если рейс задерживается или отменяется

№6. Транзитпен ұшқан жағдайда әуе компаниясының кінәсінен келесі рейске үлгермеген жолаушыға не істеу керек?

Әуе компаниясы бірыңғай бланкіде жазылған келесі рейсіне жауапкершілікті өз мойнына алады. Яғни, барлық тасымал, оның ішінде аралық бекеттер тасымалы да бар, 2015 жылғы 30 сәуір күнгі №540 әуе көлігінде жолаушыларды, жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес бір билетке жазылуы тиіс. Мұндай жағдайда әуе компаниясы міндетті:

  • Билеттің пайдаланылмаған бөлімінің ақшасын қайтаруға;
  • Әуе компаниясының жақын уақыттағы басқа рейсімен жолаушыны тағайындалған жерге дейін тасымалдауға.

* Егер тасымалдау рейстері әр түрлі бланкіде жазылса, әуе компаниясы рейстер арасындағы түйісулерге жауап бермейді.

№7. Жолаушы транзиттік емес рейспен ұшқанда әуе компаниясының кінәсінен келесі рейске кешіксе, не істеу керек?

Егер билет бірыңғай бланкілерде жазылмаса, таңдалған рейстерге жолаушының өзі жауапты болады. Яғни әрі қарай пойызға, автобусқа, не ұшаққа үлгеруіңіз үшін әуе компаниясы жауапкершілікті мойнына алмайды.

№8. Рейс мүлдем ұшпайтын болса жолаушыға қайда жүгіну керек?

Әуе компаниясы 100 пайыз қаражатты кері қайтарады немесе келесі рейске тегін билет ұсынады. Бұл үшін жолаушыға билет сатып алған жеріне немесе әуе компаниясының ресми өкілдігіне жүгіну керек. Жолаушы бөтен қалада болса оған қонақ үй және ұшу уақытына дейін тағам ұсынылады.

№9. Кешіктірілген рейстің билетін қайта өткізуге бола ма?

Иә, болады.

№10. Рейс кешіктіріліп, кейінге қалдырылғанда әуе компаниясы жолаушыға қандай мерзімде, қанша көлемде шығынын өтеуге міндетті?

Әр кешіктірілген 1 сағат үшін жолаушыға билет құнының үш пайызы көлемінде айыппұл төленеді. Өндірілген айыппұл құны сатып алынған билет құнынан аспауы тиіс.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Серіктестер жаңалықтары