Оралда жиһаз өндірісі мен шина кәсіпорнында 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді

Баспасөз өкілдері Орал қаласындағы "Кама-Қазақстан" зауытының және "Квант" жиһаз цехының жұмысымен танысты.

"Кама Қазақстан "Сауда үйі" ЖШС 2007 жылдың қаңтарында құрылған. Ол – Қазақстан аумағында "Татнефть" мұнай-химия шина кешені өнімінің эксклюзивті дистрибуциясы. Қазіргі уақытта компания өнімді Қазақстанның 46 сату нүктесінен тұратын сауда желісі, интернет-дүкен, сондай-ақ Автошина өндірушісінен өңірлік көтерме сатып алушыларға тікелей жеткізу арқылы өткізеді.

"Кама-Қазақстан" кәсіпорны Қазақстан Даму банкі банкаралық кредиттеу бағдарламасы аясында "Сбербанк" АҚ ЕБ қаржыландырған автошиналарды кәдеге жарату бойынша бірегей жобаны жүзеге асырады. Қаржыландыру сомасы – 712 млн теңге. Зауыт 2019 жылы іске қосылып, 52 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бұл жоба қауіпті қалдықтарды өңдеу және табиғи ресурстарды сақтау секілді экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Жылына 18 мың тонна шинаның 30%-ы кәдеге жаратылып, 50 мың текше резеңке плитка шығарылады.

Банк қолдауымен жиһаз өндіретін "Квант" ЖШС өндірісін кеңейтіп отыр. 1991 жылы компанияның негізі қаланған. Бастапқыда жиһаздарды сатып алу және сатумен айналысқан. Ол кезде дүкен де, фабрика да болмаған. 2006 жылы корпустық жиһаз, одан кейін жұмсақ жиһаз шығаруды қолға алған. 2015 жылы жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын корпустық жиһаз өндіретін фабрика бой көтерген. Жиһаз цехында төрт өндіріс бар: поролон, матрас, корпустық және жұмсақ жиһаз. Банк қолдауымен екінші цех салынды. Банк цехты жабдықтармен қоса, автокөлікпен қамтамасыз еткен. Қаржыландыру сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды.

"Қуаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін ірі жабдықтарды Германия, Польша, Италиядан сатып алдық. Қазақстанда дәл мұндай көлемдегі заманауи жабдықтар бізде ғана бар. Процестердің көп бөлігі автоматтандырылған. Компанияда мыңнан астам адам жұмыс істейді.  Өндіріс жыл санап 20 пайызға артып келеді. Компанияда мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жиһаздарды жобалаумен біліктілігі жоғары конструкторлар, дизайнерлер мен технологтар айналысады. Орал мен Ақсайда бөлшек сауда дүкеніміз бар. Өнімдеріміз барлық өңірде сатылады. Сондай-ақ, Армения мен Қырғызстанға жиһаздарды экспорттаймыз. Жаңа технологиялар қолданылатын қойма салып жатырмыз", – деді "Квант" ЖШС директоры Дмитрий Михаилович.  

Өндірісте қолданылатын барлық материалдар экологиялық таза және мемлекеттік стандарттарға сай. Компания жұмсақ және корпустық жиһаз шығарумен ғана емес, тұрмыстық техника мен электрониканы көтерме және бөлшек сатумен айналысады.

"Биыл сатылым төмендеді, өйткені бірнеше дүкен карантиндік шектеулер салдарынан жабылды. Пандемия кезінде ұжымды сақтап қалдық. Өндіріс тоқтамады. Штаттағы қызметкерлердің бәрі вакцина алды", – деді ол.

Светлана Шашкова мен Дмитрий Михаилович.

"Сбербанк" АҚ ЕБ Орал қаласындағы филиалының директоры Светлана Шашкованың сөзінше, пандемия кезінде кәсіпорынның өндіріс көлемі 60%-ға артқан.  

"Квант" ЖШС-мен он жылдан бері жұмыс істейміз. Біз қаржыландырған жоба цех аумағы мен өндірісін, жиһаз ассортиметін және сапасын арттыруға бағытталған. Компанияның келешегі жоғары. Біз инвестициялық жобаларға, қаржыайналымын толықтыруға бағытталған жобаларға қызығушылық танытамыз. Биыл филиалымызда шамамен 60 жоба қаржыландырылды", – деді Светлана Шашкова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдауға шақырды. "Сбербанк" АҚ ЕБ пандемия кезінде бизнеске үлкен қолдау көрсетті және карантиндік шектеулерге қарамастан қазақстандық нарықтың инвестициялық жобаларын қаржыландыруды жалғастыруда.

"Сбербанк" АҚ ЕБ Орал қалалық филиалы 3 мыңға жуық заңды  және 70 мыңнан астам жеке тұлғаға қызмет көрсетеді. Банк кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу бойынша өңірдегі көшбасшылардың бірі. Ірі компаниялар ҚДБ банкаралық кредиттеу бағдарламасы бойынша қаржыландырылса, ДАМУ БП КДҚ бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Бөлісу:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары