Тікелей эфир

"Банк картам бұғатталып қалды". Бұл жағдайда не істеу керек?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Төлем картасын бұғаттау – оны қолдануды, яғни, ол арқылы төлем жасау және ішіндегі ақшаны шешім алуды шектеу болып саналады.

Қазақстан заңнамасының шеңберінде "бұғаттау" ұғымы төлем карточкаларына қатысты ғана қолданылады.

Төлем картасы негізінен келесі үш жағдайда бұғатталады:

  • карта иесі банкке төлем картасының жоғалғаны, ұрланғаны не рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарласса;
  • карта иесі төлем картасын беру туралы шартты орындамаса;
  • карта иесі эмитент пен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта көзделген ішкі талаптарды орындамаса.

Сондықтан банктен төлем картасын аларда шартқа қол қояр кезде оны мұқият оқу қажет. Онда төлем картасын бұғаттау талаптары жазылады.

Оқи отырыңыз: Банк шотындағы қаржыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Сондай-ақ, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның 27-бабына сәйкес, клиенттің банктік шотына шығыс операцияларын тоқтата тұру, мүлкін иеленуді уақытша шектеу түрінде шектеулер салынуы, сондай-ақ, банктік шотындағы ақшаға тыйым салынуы мүмкін. Олар уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдерінің негізінде келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • карта иесінің салық қарызы болса;
  • карта иесіне қатысты терге жұмыстары жүргізілсе;
  • карта иесіне алаяқтық күдік тағылса;
  • карта иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы болса.

Банк санкциялар туралы хабарлай ма?

Төлем карточкасын шығару туралы шартта банктің клиентке тиісті хабарламаларды жіберу тәртібі, тәсілдері, жағдайлары толық жазылуға тиіс. Банк пен клиенттің мұндай қарым-қатынасы шарттық қатынастармен реттеледі.

Оқи отырыңыз: Интернет алаяқтарынан қалай сақтануға болады? Маман кеңесі

Банк қандай да бір транзакцияны бұғаттауға құқылы ма?

Иә. Мысалы, төлем картасы арқылы күмәнді, күдікті операция жасалса, ол бұғатталады. Картамен алаяқтық операциялары жасалуының алдын алу үшін банктер олардың жеке түрлерін бұғаттай алады.

Бұл ретте, егер банктің клиенті – ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енсе, банктер олардың шоттары бойынша шығыс операцияларын дереу тоқтата тұруға міндетті.

Карта не шот бұғатталса, не істеу қажет?

Егер мұндай жағдай орын алса, банктің қолдау қызметіне жүгіну қажет. Клиенттің банктік шотындағы ақшаны жұмсау уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті актілері/шешімдері/өкімдері негізінде шектелген жағдайда, түсінік алу үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жүгінген дұрыс.

Төлем картасы бұғатталған жағдайда, ішіндегі ақшаны банк кассасы арқылы шешіп алуға болады. Бұл үшін жеке куәлікті ала бару керек.

Оқи отырыңыз: Еңбекақыдан жеке табыс салығын төлемеу үшін не істеу керек?

Картаны оның иесі өзі бұғаттан шығара ала ма?

Төлем картасын клиенттің өзі бұғаттаған болса ғана оны банктің интернет-ресурсында жеке кабинетте бұғаттан шығаруға мүмкін бар.

Төлем картаасы бұғатталған не банктік шот бойынша шығыс операциялары тоқтатылған кез келген жағдайда, карта иесі банкке сұрату жібере алады және оған банк түсініктеме беруі тиіс. Сондықтан егер банк әрекетінің заңды екеніне күмән болса, өз құқықтарыңызды қорғау үшін сот органдарына және қаржы реттеушісіне жүгінуге болады.

Материал FinGramota халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру ресурсының мәліметтері негізінде әзірленді.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары