Тікелей эфир

Балалардың мүліктерін, той сыйлықтарын, итті қалай декларациялау керек. Қаржы министрлігі толықтай түсіндіреді.

Арнайы іnformburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы.
Арнайы іnformburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы.
Ведомство сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

13 миллион қазақстандық азамат (жақында мұндайлардың саны арта түседі) өз табыстары мен мүліктерінің есебін қалай беретіні жөнінде білгісі келеді. Жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы іnformburo.kz бұған дейін де жазған болатын (мына жерден оқыңыз). Алайда тіпті үлкен материалдың өзінде де жаңашылдықты бүге-шүгесіне дейін жеткізу мүмкін емес. Бұдан бөлек деларацияны тапсырмағандарды немесе оны дұрыс толтырмағандарды жазалауға қатысты өзгерістер де бар.

Әу баста билік халықтың 2020 жылдан бастап есеп бергенін қалады. Кейін Үкімет салық қызметінің мұнша ақпаратты жинауға дайын еместігін түсінді. Бұл көптеген түсінбеушілік тудырады, негізсіз санкциялардың салынуына жол беретін еді. Сондықтан жүйені 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізіп, халықтың есеп беруін 2025 жылы толықтай қамтамасыз ету туралы шешім шықты.

Әзірге бұған қатысты жауаптан гөрі сұрақ көп. ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды қызықтырған бірнеше даулы мәселелерге түсінік беруге тырысты.

Кейбір жағдайларда бағалаушының қызметі керек болуы мүмкін

Егер құны 5880 АЕК-тен (2019 жылы 14 847 теңге) қымбат болса, бағалы тастар, әшекей бұйымдар, өнер туындылары, сирек кездесетін заттар, сондай-ақ тондар мен басқа да құндылықтар декларацияда көрсетіледі.

"Басқа да заттарды көрсетуге болады, алайда олардың құнын растайтын құжат (түбіртек, сату-сатып алу келісімшарты және т.б.), сонымен қатар бағасы көрсетілген сарапшының бағалау есебі болуы тиіс. Бұл ретте мүлік иесі бағалаушымен келісім-шартқа отыруы керек" деп жауап берді іnformburo.kz. ресми сауалына Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Есепте қандай жануарларды көрсету керек?

Мысық, ит басқа да асыранды жануарлар мен малды декларациялау керек пе? Әлеуметтік желіде көптеген азаматтарды осындай сауалдар мазалайды. Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған мәліметке сүйенсек, есепте тек асыл тұқымды жануарларды көрсету қажет. Бұл салық төлеушінің оны қосымша кіріс ретінде пайдалану мүмкіндігімен түсіндіріледі. Декларацияда жануарлар биологиялық активтерге жазылады.

IAS 41 Ауыл шаруашылығы қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес, биологиялық активтерге жануарлар мен өсімдіктер жатады.

"Бұл стандарт ауылшаруашылық өнімін есепке алу үшін қолданылады. Бұған қоса жануарлар мен өсімдіктер биологиялық жағынан түрлене алады, нәтижесінде олар сан жағынан да сапа жағынан да өзгереді. Бұл өсу, көбею немесе ауылшаруашылық өнімін өндірумен байланысты болуы мүмкін. Айқын мысал ретінде сауын мал, шошқалар, жүзім алқабы, жеміс ағаштарын келтіруге болады" деп түсіндіреді комитет өкілдері.

Тойдан түскен ақшалай сыйлықтарды қалай декларациялау керек?

Комитеттегілер мұндай мәліметтерді декларацияда көрсеткен дұрыс дейді. Оның есебін не күйеуі, не әйелі бере алады.

Некеде болған кезде сатып алынған мүліктерді декларацияда құқық белгілеуші құжаттары атына рәсімделген адам ғана көрсете алады.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Как надо декларировать собак, свадебные подарки и имущество детей. Подробное объяснение от Минфина

Сыйақылар мен марапаттар декларациялана ма?

Мемлекеттік сыйақылар мүсін не диплом түрінде болса, оны көрсету керек емес. Ал, егер грамоталар қаржылай сыйақылармен берілетін болса, міндетті түрде есебін беруге тура келеді.

Балалар да өз табыстары мен мүліктері туралы есеп бере ме?

2019 жылдың наурыз айында Республикалық кәсіпкердерді қолдау орталығының директоры Дмитрий Казанцев Қазақстанда ересектермен бірдей табыс табатын кәмелет жасына толмаған азаматтар да есеп береді деп айтқан еді. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. ҚР Салық туралы кодексінде "кәмелет жасына толмағандардың атында жылжымайтын мүлік тіркелсе және банктік шотында 160 ең төменгі жалақыдан (2019 жылы 6,8 млн теңге) көп сома жататын болса ғана олар үшін ата-аналары декларация тапсырады" делінген.

Егер салық төлеуші мен оның мүліктері шетелде болса, қалай есеп береді?

Декларация тапсырған уақытта салық төлеуші шетелде болса (оқуда, іссапарда, емдеуде және т.б.) оған есеп беруге бірнеше тәсіл қарастырылған:

  • Жеке тұлғаның электронды сандық қолтаңбамен декларацияны салық төлеушінің кабинеті және E-gov порталы арқылы тапсыру мүмкіндігі бар;
  • Хабарламалы тапсырыс хатпен қағаз жүзінде пошта арқылы;
  • Жақын туыстарының біріне сенімхат беру жолымен тапсыру.

Салықты басқа елде төлейтініне қарамастан шетелдегі мүліктеріне қатысты мәліметтерді міндетті түрде көрсету керек. Ақпараттар 250.00 формасы бойынша "ҚР тыс жердегі жылжымайтын мүлкі туралы мәлімет" бөлімінде толтырылады.

Кемшіліктер мен қателіктер туралы сізге қалай хабарлайды?

Егер камералық бақылау қызметі декларацияда қателіктер жіберілгенін анықтаса, алайда ол болмашы қателіктерге жатқызылса, салық қызметкерлерінен хат келмейді. Жүйе ондайларды оңай өткізе алады.

Орташа деңгейдегі қателіктер үшін 10 күннің ішінде салық төлеушіге әр қатесін көрсетумен құқықбұзушылықтар туралы ескерту хаты келеді.

Үлкен қателік жібергендер есепті қайта тапсырады. Ондайларға қателіктерді жою туралы хабарлама жіберіледі.

Жоғарыда аталған ақпараттар құпия мәліметтерге жатқызылады. Соған қарамастан бизнестегі салық төлеушілерге қатысты ерекшеліктер бар. Қазір Салық кодексінің осы бабына қатысты өзгерістер енгізіліп жатыр, ақырғы нұсқасында жаңалықтар болуы әбден мүмкін.

Декларация тапсырмағандарға қандай айыппұл салынады?

Салық қызметі мұндайлардың банк карточкалары мен басқа да қызметтерге қатысты барлық шығыс операциясын тоқтатады. Бұл тек заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер немесе ҚР азаматтарының жеке тәжірибесімен айналысатындар, ҚР жұмыс істейтін бейрезиденттерге қатысты. Басқа жеке тұлғаларға мұндай шара қолданылмайды.

Мерзімінде есеп бермеу немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер бергендерге ескерту жасалады. Комитеттің хабарлауынша, егер жыл ішінде бұдан кейін мұндай құқық бұзушылық қайталанса, салық төлеушіге 3 АЕК (2019 жылы 7575 теңге) айыппұл салынады.

Авторы Жанна Хабдулхабар.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары