Бұған дейін қалалық елді мекендерде тұратын жастардың арасында ажырасу деректері көп тіркелетін. Енді салт-дәстүрді қатаң сақтанатын ауылдық елді мекендерде де ажырасу көрсеткіші артыпты. Ranking.kz сайтының мәліметінше, биыл ауыл тұрғындарының ажырасуы 17 пайызға бір-ақ өсіп, ел ауылдарындағы 12 мыңнан астам жас шаңырақтың берекесі бұзылған. Ал қаладағы өсім 7 пайызды (33,1 мың отбасы) құрады.
Оқи отырыңыз: Қазақта ажырасу неге көбейді? Отбасын тұрақтандырудың жолы қандай?
Республика бойынша жыл басынан бергі ажырасу көрсеткіші жоғары үштікті Алматы қаласы бастап тұр:
- Алматы – 5,5 мың отбасы;
- Алматы облысы – 5,1 мың отбасы;
- Қарағанды облысы – 4,1 мың отбасы;
"Қазіргі таңда жұбайлардың көпшілігі мінез-құлқының бір-біріне сай келмеуінен және екеуара түсінісе алмаудан екіге бөлініп кетіп жатыр. Басты себептердің тағы бірі – үйленген ер адамдардың басқа әйелмен екінші мәрте отбасы құруы болып отыр. Екі жастың ішкі мәселелеріне ата-аналарының араласуы да ажырасу деректерінің артуына әкелді", – дейді Алматы қаласы Әділет департаменті бөлімінің жетекші маманы Майя Дюсембинова.
Оқи отырыңыз: Қазақ отбасында ажырасу үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр
Ауылдық елді мекендерде заңды некеге тұру үрдісінің де төмендегені байқалады. Мәселен, қала тұрғындары арасында үйленгендердің үлесі 70,4 пайызға дейін өссе, ауылдық жерлерде керісінше 30 пайызға дейін қысқарған. Жыл басынан бергі мәліметке сәйкес, Алматы қаласы, Түркістан және Алматы облыстарында неке қиған жас жұбайлар саны көп.