Тікелей эфир

Алматыда қарилар Құран хатымды ораза кезінде онлайн оқиды

Алғашқы тарауық намазы бүгін, 12 сәуір күні оқылады.

Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде уақытша жамағатпен тарауық намазы оқылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мәлімдеді.

"Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстары онлайн режимде жүргізіледі. Қалада танымал қарилар онлайн Құран хатым оқиды. Оған azan.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы күнделікті сағат 14.00-де онлайн қатысуға болады", – деді Еркінбек Шоқай.

Ол "Намаз оқып үйренейік", "Құран оқып үйренейік", "Қош келдің, Рамазан", "30 күнге 30 уағыз", "Бас имам мінбері" айдарымен қала мешіттерінің әлеуметтік парақшаларында онлайн дәрістер мен мешіт жамағаты арасында "Раббым, білімімді арттыр" сынды интелектуалды білім сайыстары өтетінін айта кетті.

Рамазан айында Алматы Орталық мешітінің Пәтуа Call-орталығы 8 (727) 329 0966, +7 700 719 7622 байланыс телефондары арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отырады.


Оқи отырыңыз: Тарауық намазы "қызыл" аймақтағы өңірлерде оқылмайды. Ораза кезінде қандай діни рәсімдерге рұқсат?


Шариғат және пәтуа бөлімі биылғы пітір садақа көлемін 420 теңге етіп бекітілді. Бұл еліміздегі 2 кг ұнның орташа бағасына сай. Сонымен қатар пітір садақасын мейізбен берем дегендер үшін – 3580 теңге, құрмамен есептесе – 7 300 теңге.

Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын және үлкен жастағы қарт кісілерге оразасы үшін фидия құны 2 500 теңге деп бекітілді.


Оқи отырыңыз:

Серіктестер жаңалықтары