Жұмыстан кімді қысқартуға болмайды? Біле жүріңіз
Ол үшін жеңілдік иелері тиісті құжаттарды (мүгедектігі туралы анықтамамен бірге) ұсыну қажет.
ҚР Еңбек кодексінің 54-бап, 2-тармағына сәйкес, ерекше бала тәрбиелеуші жалғызбасты ананы келесі себептермен жұмыстан шығаруға болмайды:
- жұмысшылар санын немесе штатты қысқарту;
- өндіріс көлемі, орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызмет көлемінің төмендеуі салдарынан жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауы.
Тағы кімдерді жұмыстан шығару болмайды?
№1. Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес:
Еңбекке уақытша жарамсыз және еңбек демалысында жүрген қызметкермен келісім-шартты үзуге болмайды (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 1, 18, 20 және 23 тармақшаларында көрсетілген жағдайдан басқа).
№2. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес:
12 апталық жүктілігі туралы анықтамасы бар әйелдерді, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелейтін жалғызбасты аналарды (әкесін, апасын, әпкесін) штат саны және өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыстан қысқартуға болмайды.
№3. Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес:
Зейнет жасына 2 жылдан аз қалған қызметкерді жұмыстан қысқартуға болмайды (Егер жұмыс беруші мен жұмысшы тараптың тең өкілдерінен құралған комиссияның тиісті шешімі болмаған жағдайда).
Оқи отырыңыз: Жеке куәлік пен паспортты кім және қалай тегін жасата алады?
Ескеретін жайт:
Жоғарыда көрсетілген тұлғаларды жұмыстан шығаруға тура келетін себептер бар. Олар:
- жұмыс орны жабылса;
- жұмысқа себепсіз келмесе, коммерциялық немесе қызметтік құпияны бұзса, жұмыс орнында ұрлық жасаса;
- жұмысқа орналасуда жалған құжаттар ұсынса.