Тікелей эфир

Жұмыстан кімді қысқартуға болмайды? Біле жүріңіз

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
18 жасқа дейінгі ерекше баласы бар жалғызбасты ананы (баланы жалғыз тәрбиелейтін әкесін, апасын, әпкесін, заңды өкілін) жұмыстан қысқартуға, шығаруға болмайды.

Ол үшін жеңілдік иелері тиісті құжаттарды (мүгедектігі туралы анықтамамен бірге) ұсыну қажет.

ҚР Еңбек кодексінің 54-бап, 2-тармағына сәйкес, ерекше бала тәрбиелеуші жалғызбасты ананы келесі себептермен жұмыстан шығаруға болмайды:

  • жұмысшылар санын немесе штатты қысқарту;
  • өндіріс көлемі, орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызмет көлемінің төмендеуі салдарынан жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауы.
Оқи отырыңыз: Несиеге пәтер алғанда салық жеңілдігі барын ұмытпаңыз. Керек кеңес

Тағы кімдерді жұмыстан шығару болмайды?

№1. Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес:

Еңбекке уақытша жарамсыз және еңбек демалысында жүрген қызметкермен келісім-шартты үзуге болмайды (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 1, 18, 20 және 23 тармақшаларында көрсетілген жағдайдан басқа).

№2. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес:

12 апталық жүктілігі туралы анықтамасы бар әйелдерді, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелейтін жалғызбасты аналарды (әкесін, апасын, әпкесін) штат саны және өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыстан қысқартуға болмайды.

№3. Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес:

Зейнет жасына 2 жылдан аз қалған қызметкерді жұмыстан қысқартуға болмайды (Егер жұмыс беруші мен жұмысшы тараптың тең өкілдерінен құралған комиссияның тиісті шешімі болмаған жағдайда).

Оқи отырыңыз: Жеке куәлік пен паспортты кім және қалай тегін жасата алады?

Ескеретін жайт:

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларды жұмыстан шығаруға тура келетін себептер бар. Олар:

  • жұмыс орны жабылса;
  • жұмысқа себепсіз келмесе, коммерциялық немесе қызметтік құпияны бұзса, жұмыс орнында ұрлық жасаса;
  • жұмысқа орналасуда жалған құжаттар ұсынса.
Серіктестер жаңалықтары